Жаңалықтар

Ықпалды Парламент есеп беретін Үкімет қағидасы жүзеге асады - Бақытбек Смағұл

Ықпалды Парламент есеп беретін Үкімет қағидасы жүзеге асады - Бақытбек Смағұл
Фото: facebook.com/Бақытбек Смағұл 19.03.2023 21:00 1036

Саяси дода туралы Бақытбек Смағұл пікір білдірді деп, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау деген сыйлау деген сөз. Мемлекет басшысы халқымызды сыйлағандықтан саяси жаңғыруларды жүзеге асырып, Парламент сайлауын өткізіп отыр. Осының арқасында пәрменді Парламент қалыптасуға тиіс. Бүгін сайлаушы ретінде құқығымды пайдаланып, Астанамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №2 учаскеде дауыс бердім”, - дейді.

Сондай-ақ, ол референдумда жаңарған Ата заң қабылданғанын, соның аясында елде саяси жаңғыру басталғанын айтты.

“Президент сайлауынан кейін Мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Бұл былтыр басталған саяси доданың алғашқы кезеңінің қорытынды сатысы ғой. Себебі бүгін жаңа Парламент сайланып, наурыз мерекесінен соң сессияға жиналады. Нәтижесінде уәделескендей ықпалды Парламент есеп беретін Үкімет қағидасы жүзеге асады деп ойлаймын. Бірақ бұл іс Мәжіліс сайлауымен бітпейді. Енді жаңа Парламент шынымен азулы болуы тиіс. Әділетті Қазақстан құруға үлес қосуға міндетті. Халықтың күтіп отырғаны да осы. Бұрын Мәжілістің құдыреті шектеулі болса, жаңа Парламент мықты болу керек”,- дейді.

Саяси реформа аясында Мәжіліске билік функциялары көшкелі тұр.

“Мен дауыс берген учаскеде халықаралық бақылаушылардың барлығы отырды. Өрескел қателіктер болмайды деген ойдамын”,- деді Бақытбек Смағұл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға