Жаңалықтар

YouTube: Енді видеолар үшін тегін фондық музыка жасауға болады

YouTube: Енді видеолар үшін тегін фондық музыка жасауға болады
Фото: ©El.kz 12.04.2025 14:04 183

YouTube платформасы видео жасаушылар үшін аса пайдалы жаңа мүмкіндікті іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді жасанды интеллект арқылы видеоларға тегін және авторлық құқықсыз фондық музыка жасауға болады. Бұл жаңа құрал Creator Music бөлімінде ұсынылып отыр. Мақсаты — видео жасаушылардың шығармашылығын арттыру және авторлық құқық мәселесін болдырмау.

YouTube өзінің Creator Insider арнасы арқылы жаңа "Музыкалық Ассистент" функциясын таныстырды. Видео жасаушылар өз видео стилін сипаттап,  эмоциясын немесе тақырыбын атап, ЖИ ұсынған музыка нұсқаларын тыңдай алады.

Мысалы: "Жаттығу видеосы үшін көңілді және мотивация беретін музыка беріңіз" деп сұраныс жазады. Ал жүйе сәйкес фондық әуендерді автоматты түрде генерациялайды. Мұндай музыканы жүктеп алып, видеоға қолдануға болады.

Бұл кімге пайдалы?

- Видеоблогерлер
- Мектеп және университет оқушылары
- Журналистер
- Жарнама жасаушылар
- SMM мамандары
- TikTok, Instagram Reel контент жасаушылар

Басқа технологиялық компаниялар не істеп жатыр?

Мұндай жасанды интеллект құралдарын тек YouTube емес, басқа да ірі компаниялар дамытып жатыр:
- Stability AI — артқы фондық музыка генерациялау жобасы
- Meta — AudioCraft және MusicGen құралдары арқылы дыбыс пен музыка генерациялайды
- Google DeepMind — Lyria жобасы арқылы музыканы өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

YouTube-тың болашақ жоспарлары

Компания алдағы уақытта:
- Видео remix құралдарын дамыту;
- Тренд әндерді өзгертіп қайта өңдеу;
- Әртүрлі әншілер стилінде жаңа әуендер генерациялау;
сияқты мүмкіндіктерді дамытуды жоспарлап отыр.

YouTube-тың жасанды интеллект негізіндегі жаңа Музыкалық Ассистент құралы — контент жасаушыларға үлкен көмек. Енді видеолар үшін тегін музыка табу мәселесі шешілді. Бұл құрал шығармашылық еркіндікті арттырып, видео өндірісін оңайлата түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға