Жаңалықтар

Ынтымақтастық бастауы: Орталық Азия форумында пленарлық сессия басталды

Түркі мемлекеттер ұйымының тұңғыш бас хатшысы пікір білдірді
Ынтымақтастық бастауы: Орталық Азия форумында пленарлық сессия басталды
Фото: El.kz 20.12.2022 12:05 1471

Сессия Түркі мемлекеттер ұйымының тұңғыш бас хатшысы Халил Акынджының алғыс сөзімен ашылды. ҚР Президентінің БАҚ құралдарының маңызы жайлы айтқан пікірін баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Құбылған заманда жаңылмас үшін ортақ платформа құру маңызды шешім. Өкінішке орай БАҚ құралдарымыз аймақ елдерінде болып жатқан жаңалықтарды жазу деңгейі ақсаңдап тұр. Осы ретте мамандардың тәжірибесімен алмасу үшін тұрақты түрде жиын өткізу маңызды. Алғашқы бас қосудың Астанада өтуінің мәні ерекше. Тарихи маңызы бар елдердің арасында көпсалалы ынтымақтастықты құруымыз қажет», деді Халил Акынджы.

Медиа форумның өтуіне бастамашыл болған Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттер ұйымының ынтымақтастығын БАҚ арқылы дәріптеудегі маңызы жайлы пікірі:

«БАҚ құралдарының ақпараттық кеңістігін кеңейту қажет. Бүгінгі форум бізге ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Халықаралық қоғам арасындағы сеніп территориялық татулықты күшейтеді. Шындығын айтсақ жаһан жұртшылығы біздің ынтымақтастықты жоғары деңгейде бағалай бермейді. Сондықтан, біздің мүддемізге сай келетін қағидат қалыптастырамыз. Ортақ платформа құру арқылы жаңа технологиялар мен жаңа дейгейге көтерілеміз» - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға