Жаңалықтар

Ғылыми зерттеулер үшін қаржылық мүмкіндіктердің ауқымы кеңейді - сарапшы

Фото: Baq.kz
Ғылыми зерттеулер үшін қаржылық мүмкіндіктердің ауқымы кеңейді - сарапшы
02.06.2022 14:38 1224

Бұл туралы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми академиясының сессиясында сөйлеген сөзінде өте маңызды мәселені көтерді. Біріншіден, шын мәнінде ғылыми зерттеулер үшін қаржылық мүмкіндіктердің ауқымы кеңейді. Бұл ғалымдарға алдарына аса күрделі міндеттерді қойып, ғылымға жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру академиктер қауымдастығынан үлкен жаңалықтарға жол ашады», - деп атап өтті саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 

Сондай-ақ ол жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлінетіні туралы айтып берді.

«Екіншіден,  жас ғалымдар мен олардың зияткерлік әлеуетіне аса назар аударылады. Ғылымға еңбек ететін мамандар даярлау зерттеу университеттерінен басталып, докторантурада жалғасын табады және постдокторантураның бағдарламасында беки түседі. Бүгінгі таңда елімізде білікті кадрлар даярлаудың толық циклі бар. Осы ресурстарды тиімді әрі ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Жақын болашақта қабылданатын іс-шаралар мультипликативтік нәтижеге алып келері сөзсіз. Жалпы біз мемлекеттік саясатта адами капитал мен елдің зияткерлік әлеуеті басымдыққа ие екендігін көріп отырмыз», - деді сарапшы. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға