Жаңалықтар

Әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстан жүлделі болды

Әйелдер күресінен әлем чемпионатында Қазақстан жүлделі болды
Фото: Sports.kz 29.07.2022 20:56 2019

Қазақстандық Алина Ертөстік Италияда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі әйелдер күресінен әлем чемпионатында үшінші болды, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшы 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жартылай финалда Алина кейіннен әлем чемпионы атанған Приядан (Үндістан) жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Алина америкалық Кайулани Гарсиямен кездесті. Алина Ертөстік қарсыласынан мықтырақ болып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға