Жаңалықтар

Әйелдер құрамасы Уэльспен кездесуге дайын

Әйелдер құрамасы Уэльспен кездесуге дайын
16.11.2015 11:46 3083

17 қараша күні Қазақстан әйелдер құрамасы 2017 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Уэльс құрамасымен өткізетін ойынға дайындықты бастайды. Оқу-жаттығу жиыны 17-23 қараша аралығында Шымкентте өтеді. Бас бапкер Калоян Петков жиынға келесі ойыншыларды шақырды:

Әйелдер құрамасы Уэльспен кездесуге дайын

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионаты Нидерланд елінде 16 шілде мен 6 тамыз аралығында өтеді.

Қақпашылар: Оксана Железняк, Александра Гребенюк, Алина Боброва (барлығы - БИІК-Қазығұрт);

Қорғаушылар: Екатерина Красюкова, Юлия Мясникова, Вероника Корниенко, Мария Демидова, Агата Саттарова, Екатерина Бабшук, Айжан Өміртаева (барлығы – БИІК-Қазығұрт), Әйгерім Әйтімова (СШВСМ-Барыс);

Жартылай қорғаушылар: Ксения Хайрулина, Мәдина Жаңатаева, Адиля Вылданова, Карина Жұмабайқызы, Сәуле Кәрібаева (барлығы – БИІК-Қазығұрт), Кәмила Құлмағамбетова, Екатерина Пяткина (екеуі де – «Көкше»), Жәмилә Қайырбекова («Астана»), Бегайым Қырғызбаева (СШВСМ-Барыс);

Шабуылшылар: Светлана Бортникова (БИІК-Қазығұрт), Мария Ялова («Кубаночка» Краснодар, Ресей).

Жаттықтырушылар штабы: Калоян Петков – бас бапкер, Айтпай Жамантаев – аға жаттықтырушы, Ильдар Шәкіров – қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбітова – дәрігер, Георгий Леденцов – менеджер.

19 қараша күні оқу-жаттығу жиыны аясына жолдастық матч өтеді. Ал, 24 қарашада Қазақстан әйелдер құрамасы Лондонға жол тартады. Әрі қарай Хаверфордуэст қаласына барады. Мұнда Уэльс құрамасымен іріктеу матчы өтеді.  

Матч 2000 жанкүйер сыятын «Бридж Медоу» стадионында  26 қараша күні Астана уақытымен 20:00-ге жоспарланған.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 1995 жылдан бастап ұжым боп қалыптасты. Әзірге Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында ойнап көрмеді. Олимпиадада да әлі өнер көрсеткен жоқ. 2001 жылы УЕФА құрамына өткенге дейін Азия чемпионатының іріктеу сындарында ойнады (1995 жылы «А» тобында 3 орын, 1997 «С» тобында 3 орын, 1999 жылы «В» тобында 3 орын алды).

Ал, Уэльс ұлттық құрамасына келетін болсақ, бұл елде әйелдер футболы бұрыннан бар. 1954 жылдан бері УЕФА, 1910 жылдан бері ФИФА құрамында бар. Сондықтан, Уэльс әйелдер құрамасы бұл кездесуде басты фавориттердің қатарында. Уэльс әйелдер құрамасы сапындағы ойыншылар «Кардифф Метрополитан», «Суонси», «Кардифф Сити» секілді мықты клубтарда өнер көрсетеді. Қазір Уэльстегі чемпионаттың нағыз қызған шағы. Сол себепті ойыншыларының барлығы бабында тұр.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға