Жаңалықтар

Әйел басшылар

Әйел басшылар
05.08.2014 06:39 11468

Исабель атымен танымал, Мария Эстела Мартинес де Перон – әлемдегі тұңғыш әйел-президент. Аргентинаның бұрынғы президенті Хуан Перонның үшінші әйелі, және  1974-1976 жылдары Аргентинаның бірінші әйел президенті. Болашақ күйеуімен Панамада түнгі клубта биші болып істегенде танысты. Онымен бірге 1960 жылы Испанияға көшті. Шіркеудің қысымымен Перон өзінен 35 жас кіші Исабельге үйленуге мәжбүр болды. Бүгінгі күні бірінші әйел-президент 83 жаста.

Әйел басшылар


60 жастағы Пак Кын Хенің Оңтүстік Кореяда өткен президент сайлауында жеңіске жетуі осы патриархалды мемлекет үшін үлкен сенсация болды.  Баспасөзде оның Кореяның экс-президенті, генерал-диктатор Пак Чжон Хидің қызы екендігі, күйеуге ешқашан шықпағандығы туралы жарыса жазды. Пак Кын Хе 22 жаста болғанда, оның әкесіне қастандық жасалған сәтте анасы қаза табады, осы сәттен бастап ол бірінші ханым рөлінде болуға мәжбүр еді.  Пак өзінің адалдығымен, принциптілігімен белгілі.  Әріптестері айтқандай, «ол өз жақындарын тастамайды, бірақ опасыздық жасағандарды кешірмейді». Оны жеке танитын адамдардың сөзіне сенсек, Пак жұмсақ мінезді жан. Оңтүстік Корея Президенті 5 жылға бір мерзімге сайланады.

Әйел басшылар


Тарья Каарина Халонен – Финляндияның тұңғыш әйел президенті. 2001 жылдың 1 наурызында президенттіктің  алғашқы жылының аяқталуына орай халықтың  70% оның жұмысына оң баға берді.  2006 жылы екінші мерзімге сайланды. Тарья жүзумен, бейнелеу өнерімен айналысады және мысықтарды жақсы көреді.

Әйел басшылар


Ангела Меркель – Германия тарихындағы бірінші әйел федералды канцлер. 36 жасында ол Гельмут Кольдің кабинетіндегі ең жас министр болды.  Forbes журналы Ангела Меркельді соңғы үш жылда ең ықпалды әйел деп жариялады. Ол екі рет күйеуге шыққан, балалары жоқ. Неміс көшбасшысының шын тегі – Каснер. Өзінің бүгінгі тегі ол бірінші күйеуі физик Ульрих Меркельдің тегі. Ангела онымен студенттік жылдары танысты. Меркельдің екінші күйеуі – химик Йоахим Зауэр.

Әйел басшылар


Дилма Ванна Руссефф – Бразилияның тұңғыш әйел-президенті. 2011 жылдың 1 қаңтарынан Бразилияның 36-шы президенті ретінде лауазымына кірісті. Руссеф шұғыл мінезді әйел болып саналады. Оның бір сөзі бар: «Мен, әлсіз министрлер қоршаған күшті әйелмін». Ол солшыл еңбеккерлер партиясының мүшесі.  Дилма Ванна Руссефф мамандығы бойынша экономист. Ол екірет күйеуге шыққан, бүгінгі таңда ажырасқан. Екінші күйеуінен қызы бар.

Әйел басшылар


Даля Грибаускайте – Литва тарихындағы тұңғыш әйел-президент. 2009 жылы лауазымына кірісті. Жақында өткен сайлауда қайтадан жеңіске жетті.  Ол Литва Республикасының 10-шы президенті болып табылады. Даля Грибаускайте күйеуге шықпаған. Балалары жоқ. Каратеден қара белбеу иесі.

Әйел басшылар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға