Үйде жұмыс істеу
Дресс-кодтың болмауы және еркін қозғалу – қашықтықтан жұмыс істеудің тамаша артықшылығы. Бірақ осындай жағдай жұмыс өнімділігіне кері әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайдан құтылу керек. Үйде жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыра білу керек.
Ұйқыдан тұру
Кез келген жұмыс уақытылы оянудан басталады. Бір күн бойы жақсы өнімділікті көрсетудің бастамасы. Ұйқыдан уақытылы және дұрыс тұру үшін арнайы жаттығу керек. Әрине, кейбір адамдар табиғатынан ол әрекеттерді жақсы істейді. Ұйқыдан тұру үрдісінің өзі тәртіпті қажет етеді. Соны үйрені керек, сонда ғана қашықтықтан жұмыс істеу шынымен пайдалы болады.
Жаттығулар
Міндетті түрде тренажерлар сатылып алудың қажеті жоқ. Олар көп кеңістік алады, сонымен қатар қымбат болады. Бірақ тұрақты жаттығулар істеу үшін бірнеше кіші заттар керек болады. Йогаға арналған кілем, гантельдер немесе скакалка әрдайым бұлшықеттеріңізді қалпында ұстайтын болады. Ондай жаттығулардан қашып кетуге де болмайды, уақыт аз жұмсалады, алысқа сандалудың қажеті де жоқ.
Кітаптар
Сәттілікке жеткен адамдардың өздеріне де мотивация қатты керек. Идеялардың түр-түрі кітапта жинақталған. Жақсы кітап ұзақ уақытқа жететін мотивация береді. Сонымен қатар кітаптардың бөлме орналасуы жұмыстың атмосферасын жасайды. Ол дегеніміз, жұмыс істеуге ынтаға тікелей әсер етеді.
Жазба кітапшасы
Мақсаттардың 3 түрі бар: ұзақ мерзімді (мысалы, бір жылдық), қысқа мерзімді (нақты жобаларға арналған) және күнделікті (күнделікті істелу керек мәселелер тізімі). ХХІ ғасырдың өзінде қағаз «есте сақтаудың» тиімді құралы болып қалуда. Бұл кітапша әрдайым естелік болып жүреді. Сонымен қатар істелу керек жұмыстарды ұмытпауға көмектеседі.
Телефон және Интернет
Жұмысты тиімді ұйымдастыруда жоғары аталған заттардың рөлі өте жоғары. Егер де байланыс (ұялы желі операторлары) немесе Интернетпен қамтамасыз ету проблемасы жиі кезігетін болса, байланыс орнатудың балама жолдарын іздеу керек. Мысалы, негізгі байланыс арнасы қымбат және лимитсіз болуы мүмкін. Ал қосымша арна – арзан, бірақ тарификациямен болуы да мүмкін. Сонымен қатар қызметтік жылдамдығына да басты назар аудару керек.
Жұмыс орны
Компьютер алдында ұзақ отыру денсаулық үшін зиян. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру денсаулыққа тиетін ауырпалықты азайтады. Кез келген майда нәрсе әсер етеді. Столдың, орындықтың биіктігі, экранның орналасу бұрышы, жарық көзі және т.б. Жұмысты ұйымдастыруда осы нәрселерге баса назар аудару керек.