Жаңалықтар

«Яндекс. Такси» Алматыға келді

Жаңа қызмет
29.07.2016 10:57 3622

Жақында Алматыда «Яндекс. Такси» қызметі іске қосылды.  Бұл қызмет жолаушылардың диспетчерге қоңырау шалмай-ақ, бос машинаны жылдам табуына мүмкіндік береді.  Аталған жобаны таяуда ғана әкімдікпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан «Алматы дамыту орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесі қолдаған.

«Яндекс. Такси» Алматыға келді

«Яндекс таксиде» қазақ, орыс және ағылшын тілдері қамтылған. Таксиді ұялы телефондағы қосымша  немесе taxi.yandex.kz cайты арқылы шақыруға болады.

Бүгінде аталған қызметке Алматыдағы 9 такси паркінен 150 көлік қосылған. Тұрғындар шұғыл тапсырыс берген жағдайда оларға ең жақын орналасқан мекен-жайда тұрған көліктер жіберіледі. Такси шамамен 5-10 минутта жетеді. Оның қай жерде келе жатқанын тікелей қала картасы арқылы қадағалауға болады. Тапсырыс беруші тұрғындар әзірше төлемді тек қолма-қол төлей алады.

Алғашқы екі шақырымға 100 теңге, ары қарай әрбір шақырым үшін 50 теңге төленеді. Жоба жетекшілері аз уақыттан соң такси қызметін пайдаланушылар банк картасы арқылы да төлем жасай алатынын айтады.

Қызметтегі автокөліктердің жайын бақылайтын жүйе арқылы көліктердің желіге шығуға дайын екенін көрсету мақсатында олардың түрлі ракурста түсірілген суреттері үнемі жіберіліп отырады. Жүргізушілердің жұмысын тапсырыс берушілер өздері бағалайды. Олар берген баға арқылы бағалауы жүргізушілердің рейтингі қалыптасады.  Кейінірек, жолаушылардан тапсырыс түскенде, ең алдымен, рейтингі жоғары жүргізушілерге басымдық беріледі.

Анықтама

«Яндекс. Такси» қызметі 2011 жылы іске қосылған. Ол қазір Ресей, Беларусь және Арменияның 20 қаласында жұмыс істейді. Енді жоба жетекшілері бұл қызметті Қазақстан астанасында және басқа да елдерде іске қосуды көздеп отыр.


Жансая Төлеген

Сурет: motor.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға