Жаңалықтар

Ядролық физика институты Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп зерттеу жүргізеді

Ядролық физика институты Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп зерттеу жүргізеді
Фото: © Pixabay.com 26.11.2023 12:19 1425

Ядролық физика институты мен Массачусетс технологиялық институты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ядролық физика институты Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Ядролық ғылымдар және инженерия департаментінің директоры Майкл Филип Шорт ғылыми тобы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша екінші меморандумға қол қойды. Алғашқы меморандум 2016 жылы қойылған болатын.

Массачусетс технологиялық институты әлемнің ең үздік үш техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері әлемдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналады.

Меморандум аясында ЯФИ және MIT радиациялық материалтану, сондай-ақ ядролық инженерия саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде, PhD докторанттарды бірлесіп даярлауда ынтымақтастықты жалғастыратын болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға