XXIV Ақ Олимпиада басталды
Шымылдығы ашылған Олимпиаданың тарихы қайта жаңарады. Ақ Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткен стадионда өтті. Салтанатты шараны шетелдік көрермендер тек көгілдір экран арқылы тамашалады.
Күні кеше шаңғымен тұғырдан секіруден қазақстандық команда Қытайдағы Олимпиадалық трамплинде ресми жаттығуын өткізді.
Сонымен бірге отандық телеарналар қысқы спорттың ең танымал сайыс түрлері бойынша 220-дан астам тікелей трансляция ұсынады.
109 медаль сарапқа салынатын жарысқа әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатыспақ.
Ақ Олимпиадада біздің елдің намысын 34 спортшы қорғайды.
Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынған болатын. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің эпикировкасы да бар.
Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды. ХОК ұсынған тақырып осындай. Ақ және көк түстер мұз бен қарды білдірсе, қара түс сәттілік түсі деп саналады, - деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитеті.
baq.kz