Жаңалықтар

XX қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы шахматтан қола жүлде жеңіп алды

XX қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы шахматтан қола жүлде жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 12.03.2024 23:25 879

XX қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді. Ал күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко бақ сынады.

Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті. Қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнады. Тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, 13 команда арасында үшінші орынға тұрақтады», - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

XX қысқы Сурдлимпиада Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 26 спортшы (шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан) қатысты.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға