Жаңалықтар

XVI - XIXғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеген шетелдік ғалымдар (I Бөлім)

ГЛАДЫШЕВ Дмитрий (т.-ө.ж.б.) — Қазақстанды зерттеуші, Орынбор драгун полкінің поручигі, капитан. 1740 — 43 ж. геодезист И. Муравинмен бірге Орынбордан Мәнітөбе арқылы Арал т. мен Хиуаға экспедиция жасады.
28.08.2014 07:14 15834

ГЛАДЫШЕВ Дмитрий (т.-ө.ж.б.) — Қазақстанды зерттеуші, Орынбор драгун полкінің поручигі, капитан. 1740 — 43 ж. геодезист И. Муравинмен бірге Орынбордан Мәнітөбе арқылы Арал т. мен Хиуаға экспедиция жасады. Олар сапар барысында Қуаңдарияға жақын Адам Ата өз. бойындағы Әбілқайыр хан ордасында болып, Шахтемір, Хиуа, Шават, Хожелі мен Орскіні аралады. Бұл сапарлары жөнінде есептерінде Ор мен Сырдария бойындағы қамалдардан Ханка қ-на дейін жүріп өткен жерлердің картасы, Әбілқайыр хан мен парсы шаҝы арасындағы бір-біріне жазған хаттарының мазмұндары берілген. Сонымен қатар Арал т. жағалауларына геогр. сипаттама жасалып, қазіргі Әмударияның төм. ағысы бойын қоныстанған халықтарға қатысты маңызды мағлұматтар да қамтылған. Қазақ, қарақалпақ халықтарына хиуалықтарға қатысты этногр. мәліметтер берілген.

Дженкинсон   ДЖЕНКИНСОН Антони (т.ж.б. — 1610/11) —      Қазақстанды зерттеуші ағылшын көпесі,  дипломат. Ол 1557 — 72 ж. 4 рет Ресейде болып  қайтты. 1558 — 59 және 1562 — 63 ж.  Астраханнан Маңғыстау мен Үстірт арқылы Хиуа  мен Бұхараны сауда керуенімен аралап шықты.  Д-ның Орт. Азия мен Қазақстан жөнінде тарихи-  этногр. мәліметтер қамтылған жолжазбаларында  Маңғыстау қазақтарының тұрмысы, Қасым ханның баласы Ақназардың Ташкентке жорығы, Қазақ хандығының қуаттылығы, оның тұрғындарының мұсылман дінінде екендігі, т.б. құнды деректер берілген. Ол өзінің екінші сапары кезінде жасаған картасында Еділ мен Жайық арасына ноғайларды орналастырып, оның шығысына қарайғы жерлерді “Казахия” (“Cassakіa”) деп атаған, сондай-ақ “қазақ халқы топ-топ болып, яғни ордалар болып тұрады” деп көрсетеді.

ГУТКОВСКИЙ Карл Казимирович (1815, Ресей, Каменец-Подольск губ. — 1867) — Ресейдің әскери қызметкері, Қазақстанды зерттеуші, Ш.Уәлихановтың ең жақын достарының бірі. Кадет корпусы мен Ресей Бас штабының әскери академиясын бітірген. Бат. Сібір ген.-губернаторы, князь Г.Г. Горчаковтың аға адъютанты, Семей обл. губернаторының жәрдемшісі (1847), ұлы жүз қазақтарын басқарушы (1850), Сібір қазақтары обл. басқармасының төрағасы, сол облыстың әскери губернаторының жәрдемшісі (1851 — 63) болған. Омбыға келгеннен бастап (1838) Г. әкімш. қызмет атқарумен қатар, қазақ даласын зерттеу ісімен де шұғылданған, Сібір кадет корпусында география мен геодезиядан сабақ берген. Уәлихановтың ғыл. мұрасын баспаға әзірлеу ісіне ат салысқан. 1865 ж. Уәлиханов қайтыс болғанда Орыс геогр. қоғамында ғалымның еңбектерін жинап, баспаға даярлау жөнінде мәселе көтерген. Сол жылы Уәлиханов еңбектерінің толық жинағын жарыққа шығару жөнінде комиссия құрылып, оның жауапты хатшысы болып генерал Г. сайланды.

Шығ.: Поездка из Орска в Хиву и обратно, совершенная в 1740—1741 гг. поручиком Гладышевым и геодезистом Муравиным, предисл. Я. Ханыкова, СПб., 1850.
Әдеб.: Ханыков Я.В., Пояснительная записка к карте Аральского моря и Хивинского ханства с их окрестностями. Записки ИРГО, кн. 5, 1851; Жуковский С.В., Сношения России с Бухарой и Хивой за последнее трехсотлетие, П., 1915.
Ж. Шалғынбаева
Әдеб.: Есмағамбетов К., Көне Қазақстанды көргендер, А., 1979.
К. Есмағамбетов
Әдеб.: ґтенияз С., Шоқанмен қайта кездесу, А., 1990.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға