Жаңалықтар

XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды

XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды
Фото: Ұлттық Дельфий комитеті 28.08.2024 19:00 589

Көкшетауда өткен XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымды мәдени шара 2024 жылғы 21-24 тамыз аралығында «SILK WAY CREATIVЕ GAMES» шығармашыл жастар форумының аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар – Ұлттық Дельфий комитеті және Ақмола облысы әкімдігі.

2024 жылғы Ұлттық Дельфий ойындарына 8-25 жас аралығындағы 650-ден астам адам 25 номинация бойынша қатысты: фортепиано, скрипка, академиялық ән айту, халық аспаптары, халық әндері, халық биі, заманауи би, фотография, қысқаметражды фильм, киім дизайны, көркемсөз оқу, театр өнері, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер және тағы басқалары. Дәстүрлі түрде ым-ишара тілінде ән айту және мүмкіндігі шектеулі жас дарындар үшін хореографиялық өнер деген екі параноминация болды.

Ұлттық Дельфий комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлік іріктеу турлары 2024 жылғы 29 наурыз – 17 мамыр аралығында елдің 15 қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша жасақталған аймақтық құрама командалар Көкшетауда өтетін ұлттық кезеңге келді.

XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды

XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды

Фото: Ұлттық Дельфий комитеті

2024 жылғы XV Ұлттық Дельфий ойындары Көкшетау орталық алаңында өтетін салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Содан кейін екі күн бойы қаланың 25 алаңында шығармашылық жарыстар өтті, олардың қорытындысы бойынша 23 тамызда «Көкшетау» мәдениет сарайының марапаттау рәсімі болды. Ойындарға шақырылған қонақтар арасында мемлекеттік, қоғамдық құрылымдардың көшбасшылары, елдің спорт, мәдениет саласының танымал өкілдері бар. Қазылар алқасында республиканың барлық өңірінен келген 40 шақты мәдениет қайраткері, оның ішінде 15 ҚР еңбек сіңірген қайраткер болды, - делінген ақпаратта.  

«SILK WAY CREATIVЕ GAMES» Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары:

«Фортепиано» номинациясы

I орын – 14-17 жас санатында Нұрдәулет Досжан  (Астана);

III орын – 10-13 жас санатында Ақжайна Шаханова  (Кызылорда);

14-17 жас санатында Айша Күзембаева  (Қарағанды);

17-21 жас санатында  Маргарита Журавлёва (Қарағанды).

«Скрипка» номинациясы

I орын – 18-21 жас санатында  Дильназ Жанкүшікова (Павлодар);

8-10 жас санатында Айлин Наурызбай  (Қарағанды);

11-13 жас санатында Әнел Данияр  (Павлодар);

II орын – 18-21 жас санатында Фариза Баймағамбетова  (Көкшетау);

14-17 жас санатында  Амина Шамина (Қарағанды);

8-10 жас санатында Аделина Әбілдинова  (Павлодар);

11-13 жас санатында Райхан Дүйсенбай  (Астана);

III орын – 14-17 жас санатында  Дана Ибраева (Павлодар). 

«Классикалық гитара» номинациясы

II орынды 14-17 жас санатында Фаиль Сибагатуллин  (Павлодар); 

18-21 жас санатында  ҚобыландыАжбеков  (Павлодар) иеленді.

«Үрлемелі аспаптар» номинациясы

I орын – 14-17 жас санатында Вероника Хан  (Алматы) және 18-21 жас санатында  Дәулет Тұрар (Алматы);

II орын – 10-13 жас санатында Адэль Кулькеев (Қарағанды); 14-17 жас санатында  Айкүміс Биғазы (Көкшетау); 18-21 жас санатында Аружан  Сейткалиева (Алматы);

III орын – 14-17 жас санатында  Роман Назаркин (Қарағанды).  

«Академиялық ән айту» номинациясы

I орын – 12-15 жас санатында Андрей Райх (Қарағанды); 12-15 жас санатында Шынар Бауыржанқызы  (Шымкент); 22-25 жас санатында  Марьям Галиева (Астана); 22-25 жас санатында  Әлижан Қазбеков (Павлодар);

II орын – 16-21 жас санатында  Нұрдәулет Аманқұлов (Астана);

III орын – 12-15 жас санатында  Әмина Шаутыбай (Астана).

«Халық әні» номинациясы

I орын – 8-10 жас санатында Жанерке Рахметжанова  (Караганда); 11-13 жас санатында  Архат Ербатыр (Астана); 18-21 жас санатында Гүлжайна  Мұрат (Атырау);

II орын – 8-10 жас санатында Әмір Эмба (Астана); 11-13 жас санатында Тихон Козлов (Ақтөбе); 11-13 жас санатында «Ақсұңқар тобы» әншілер ансамблі; 14-17 жас санатында Райымбек Төлеубай  (Көкшетау); 18-21 жас санатында Айбар Санбаев  (Ақтөбе);

 III орын – 8-10 жас санатында  Інжу Сақтапберген (Қызылорда); 11-13 жас санатында  Данияр Зибат (Көкшетау); 14-17 жас санатында  Дидар Сүгірәлиев (Қызылорда); 18-21 жас аралығында  Айжұлдыз Құлымжан (Атырау).

«Эстрадалық ән айту» номинациясы

8-10 жас санатында I орын – Нұржігіт Білісбек  (Алматы), II орын –  Ұлданай Бейсенқызы (Астана), III орын –  Азамат Орынғали (Ақтөбе);

11-13 жас санатында I орын –  Жасмина Түзелова (Астана), II орын – Жаныс Ғалымжанова  (Астана), III орын –  Балым Нысаналы (Ақтөбе);

14-17 жас санатында – I орын –  Әмина Жапар (Көкшетау), II орын – Жанерке Әбдірахманова  (Ақтөбе), III орын –  Камила Ғазизқызы (Астана);

18-21 жас санатында –  II орын –  София Утюпина (Астана).

«Халық аспаптары. Домбыра» номинациясы

8-10 жас санатында I орын –  Шыңғыс Нұрланұлы (Атырау), II орын –  Алмат Сәкен (Астана), III орын – Асылжан Ораз  (Шымкент);

11-13 жас санатында I орын – Інжу Үшкемпір  (Тараз), II орын –  Нұрәли Оңталап (Астана), III орын –  Ерсұлтан Медет (Астана);

14-17 жас санатында I орын –  Елдар Мақсұтбеков (Қарағанды), II орын –  Дәулет Қайыржан (Атырау), III орын – Ералы Ерғалиұлы  (ШҚО);

18-21 жас санатында III орын –  Нәрқыз Хәмидолла (Көкшетау).

11-13 жас санатында «Ұлар» домбырашылар ансамблі (Павлодар) II орынды, «Шабыт» домбырашылар триосы (Шымкент) III орынды, 14-17 жас аралығында «Есіл толқыны» домбырашылар ансамблі I орынды иеленді.

«Халық аспаптары. Қобыз» номинациясы

8-10 жас аралығында I орын –  Айару Болат (Қарағанды), II орын – Қадір Кесіков  (Ақтөбе);

11-13 жас аралығында I орын –  Дайана Нұрмұхамет (Павлодар), II орын –  Ділдә Ақберген  (Қарағанды), III орын – Алтынай Досова  (Ақтөбе);

14-17 жас аралығында I орын – Бақытбек Ақмарал (Астана), II орын – Дариға Қадырбай  (Көкшетау), III орын –  Айзере Айкенова (Павлодар);

18-21 жас аралығында I орын – Адия Ташимова  (Қарағанды), II орын –  Айым Мэлс (Павлодар), III орын –  Айжан Қасен (Жетісу).

18-21 жас аралығында «Арқа әуені» қобызшылар ансамблі (Қарағанды) I орын, 11-13 жас аралығында «Елігай» қобызшылар ансамблі (Тараз) II орын иеленді.

«Халық аспаптары. Баян/Аккардеон» номинациясы

11-13 жас санатында II орын – Төремұрат Мамбетьяров  (ШҚО), III орын –  Алан Маратұлы (Астана);

14-17 жас санатында I орын – Сидорин Иван (Павлодар), II орын –  Қайырбек Әкімгерей (Атырау), III орын –Ернар  Заитбек  (Шымкент);

18-21 жас санатында I орын – Әмірғалиев Нұрдәулет (Атырау), II орын –  Толқын Айдынғали (Атырау).

Баяншылар ансамбльдерінің арасында «Атырау» (Атырау) баяншылар ансамблі жеңіске жетті.

«Фольклорлық аспаптар» номинациясы

8-10 жас санатында II орын - Мариям Абзал  (Қарағанды), III орын –  Ақжүніс Режеп (Астана);

11-13 жас санатында III орын - Ізтелеу Нұрайлым (Астана);

14-17 жас санатында I орын –  Айжан Жаубасова (Астана), II орын -  Маржан Қиярстанова (Шығыс Қазақстан), III орын - Мәди Инаят  (Қызылорда);

17-21 жас санатында II орын – Аружан Балғабаева  (Павлодар).

«Фольклорлық ансамбль» номинациясы

14-17 жас санатында I орын – «Желдірме» фольклорлық ансамблі (Тараз);

18-21 жас санатында I орын – «Тұмар» фольклорлық ансамблі (Жетысу).

«Көркем сөз оқу» номинациясы

14-17 жас санатында I орын – Мәншүк Ізімғали  (Ақтөбе);

18-21 жас санатында I орын –  Сұлтанғали Дәулет (Қызылорда);

8-10 жас санатында II орын –   Кәусар Абзалова (Ақтөбе);

14-17 жас санатында III орын –  Әмина Әбділбекова (Алматы).

«Театр өнері» номинациясы

14-25 жас санатында I орын – «Лес чудес» халық музыкалық театры (Рудный);

14-25 жас санатында II орын – «Theatre Zodiak» (Көкшетау).

 «Халық биі» номинациясы 

  8-10 жас санатында I орын – «Тұмар» би тобы (Астана);

11-13 жас санатында II орын – GAMI би мектебі (Алматы);

14-17 жас санатында I орын – «Шолпан» үлгілі хореографиялық ансамблі (Қарағанды), III орын – «НҰР» би ансамблінің мектеп-студиясы (Павлодар);

18-21 жас санатында II орын – «Шамсинұр» би ансамблі (Шымкент).

«Заманауи би» номинациясы

11-13 жас санатында I орын – GAMI би мектебі (Алматы), II орын – «Polyanka» үлгілі хореографиялық ұжымы (Көкшетау), III орын – GAMI би мектебі (Алматы);

14-17 жас санатында I орын – «Polyanka» үлгілі хореографиялық ұжымы (Көкшетау), II орын – «Эдельвейс» үлгілі заманауи би студиясы, «Гармония» (Астана), III орын – Yolo family би ұжымы (Көкшетау).

«Бейнелеу өнері» номинациясы

11-13 жас санатында II орын –  Анастасия Зеленкевич  (Павлодар), III орын – Ақбаян Халелбек  (Астана);

14-17 жас санатында I орын – Дәулетова Томирис (Көкшетау), II орын –  Елизавета Варламова (Павлодар), III орын –  Алтынай Әлібекызы (Тараз);

18-21 жас санатында I орын –  Көркем Амантай (Астана), II орын – Әубәкір Нұрлан (Көкшетау), III орын – Ернұр Өмірзақ  (Жетісу).

«DigitalART» номинациясы

14-17 жас санатында I орын –  Алина Паркина (Қарағанды).

 «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы

14-17 жас санатында I орын – Аружан Жомартбек  (Тараз);

11-13 жас санатында II орын – Әнел Рысбек  (Тараз).

 «Мобилография» номинациясы

10-13 жас санатында I орын –   Жансая Жүнісова  (Астана);

14-17 жас санатында I орын –    Ангелина Белоброва (СҚО).

«Фотография» номинациясы

14-17 жас санатында I орын –    Назар Кобелев (Астана).

«Ым-ишара тілінде ән айту» номинациясы

10-13 жас санатында II орын –  Ламина Шегебаева (Павлодар);

14-17 жас санатында I орын – Еркежан Сайлауова  (Қызылорда), II орын –  Жаңагүл Кәдір (Қызылорда), III орын –  Алина Мұратова (Ақтөбе);

18-21 жас санатында I орын –  Нұрым Дүйсен (Қарағанды), II орын –  Ернұр Сәмен (Қарағанды).

Ансамбльдер

10-13 жас санатында I орын – «Стиль» ым-ишара тілінде ән айту ұжымы (Қарағанды);

18-21 жас санатында III орын – «Меруерт» ым-ишара-мимикамен ән және би ұжымы (Қарағанды);

XV Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды

Фото:Ұлттық Дельфий комитеті

Үздіктердің үздіктері XVIII Халықаралық жастар Дельфий ойындарына және ТМД қатысушы елдерінің алғашқы балалар Дельфий ойындарына (2024 жылғы 30 қыркүйек - 5 қазан, Бішкек, Қырғыз Республикасы) қатысу үшін Қазақстанның Ұлттық құрамасының мүшесі атанды.

Командалық есеп нәтижесі бойынша Қарағанды облысы жеңімпаздар саны бойынша алға шықты. Дельфий туы салтанатты түрде осы өңірдің өкіліне табыс етілді.

Дәстүр бойынша «SILK WAY CREATIVE GAMES» Ұлттық Дельфий ойындарында халықаралық ғылыми-практикалық отырыс өткен. 21 тамызда Көкшетау қаласындағы Достық үйінде BOOTCAMP форматында «МӘДЕНИ СЕБЕТ 2.0» деген тақырыпта конференция болды. Коллаборацияға ҚР мәдениет қайраткерлері, Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар алқасының мүшелері, ТМД Дельфий ұйымдарының өкілдері (Ресей, Тәжікстан), 2024 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Дельфий Комитеті клубына мүше болған ЮНЕСКО өкілдері, ҚХА, НВС, ESENfondasion, Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлері және басқалар қатысты. Конференцияның модераторы – Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, Халықаралық комитеттегі ҚР өкілі, CIOFF Дүниежүзілік фольклорлық фестивальдер федерациясындағы ҚР өкілі Құралай Түспекова болды. Талқылау тақырыптары – мәдени игіліктерге қолжетімділік жүйесі, ауылдағы білім беруді дамытудың жаңа құралдары мен модельдері, оқытудағы креативті технологиялар, ҚХА және НДК мәдени бастамалары арқылы этносаралық бірлікті ілгерілету, Халықаралық Дельфий ойындарын дамыту, елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық, мәдениеттегі еріктілік және тағы да басқалары.

Айта кетейік, әлемдегі Дельфий ойындары – өнердің барлық түрлері бойынша жас кәсіпқойлардың кешенді жарыстары. Ойындар таланттарды тауып қана қоймай, олардың жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейде өсуіне, өзін-өзі көрсетуіне және жарысуына мүмкіндік береді. Комитеттің бірнеше жылғы жұмысы барысында Қазақстандағы Дельфий қозғалысы 100 мыңнан астам қолдаушы тапты, комитет жобаларына 5 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Әр жылдары Дельфий ойындары Азамат Жылтыркөзов, Димаш Құдайберген, Әли Оқапов, Ratovich, «Sensitsve» би театры және т.б. сияқты қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы әлеуметтік сатыға айналды.

Ойындар мәдени мұраны сақтау, жас таланттарды іздеу және қолдау, жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның рухани қалыптасуына көмек көрсету, мәдениетаралық диалогты дамыту және ЮНЕСКО, Еуропа Кеңесі, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, Еуропалық Комиссия, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті, ТМД қатысушы елдерінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесі тарапынан қолдау тапқан мәдени әралуандықты дамыту үшін тиімді құрал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға