Жаңалықтар

XIX ғасырда қазақ тілінде жарық көрген діни басылымдар

Басылымдар тарихы
04.09.2016 04:11 12810

                                                                                                                 «Әлемді алтыннан гөрі

қорғасын өзгертті,

оқтағы қорғасын емес,

типография литеріндегі қорғасын»

Георг Кристоф Лихтенберг

                                                                                                           XVIII ғасыр

XIX ғасырда қазақ тілінде жарық көрген діни басылымдар 

         Дүние жүзі баспа кітабы өз тарихын діни тақырыпта жазылған әдебиеттерді шығарудан бастады. Бұл тіпті жалпы әлем баспасына тән қасиет. Иоган Гутенбергтің әйгілі «Библия – 42» деген тұңғыш неміс және әлемдік кітабы, аталымынан көрініп тұрғандай, діни басылым. Сондай-ақ, Иван Федоров басып жарыққа шығарған тұңғыш орыс кітабы «Апостол» мазмұны христиан дінін дәріптейтін апостолдардың уағызынан, Апокалипсистен құралған. Мұсылмандар үшін баспаханалар ұйымдастырғанда да Ресей әкімшілігі ең әуелі Құран Кәрім кітабын бастырды. «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты еңбектің авторы Әбіш Жиреншин 1801 жылы Қазанда «Аттықожа», 1802 жылы «Әліппе, иман- шарттары бірлән» деген діни кітаптар шығарылғанын жазады.

         Ресейде араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIII ғ. басында пайда болды. 1722 жылы І Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу «Манифест» жарияланған. Ал ХVIII ғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776 ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның «Түрік грамматикасы» араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит Халфиннің «Татар тілінің әліппесі» жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде «Губерния мекемелері» және «Полиция жарғысын», 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.

         1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар туралы мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772 жылы Н.П. Рычковтың «Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи» атты еңбегі жарық көреді.

         Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда «Азиат» типографиясы ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі. Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ. ортасына дейін «Азиаттық» баспада діни кітаптар – «Құран», «Хефтиэк», «Иман шарты» басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына, оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен еуропалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт, азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.

А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап – «Киссаи Тамимдарды» 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет – 1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған. Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап «Ер Тарғын» болып есептеледі.

         Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен шығарылды. Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда басылып шықты. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап шыққан, оның жалпы тиражы жүздеген мың дана болған. Кеңес дәуіріне дейін Ресейде, қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары шығарылды. Қазақ халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев үлкен үлес қосты.

         Заманының ойшыл-филисофы Г.Бергсорн айтқандай, мәдениетсіз және әдебиетсіз халықтар болса да, дінсіз қоғам болмайды. Дінсіз адам болуы мүмкін, алайда дінсіз қоғам болмайды. Діннің пайда болуы оны таратуды, насихаттауды қажет етті. Бір сөзбен айтқанда Дін өркениет пен мәдениеттің бастауы, болды.

          «Тас дәуірі» кезеңінің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, сол кезеңде діни-наным сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.

         Діни тұрғыдан алғанда дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.

         Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінің адамдары да діни нанымдарға сеніп, бір құдіретке сиынып, о дүние бар екеніне иланған. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша Африканың Натал аймағында жүргізілген археологиялық қазба және зерттеу жұмыстары бұдан 100 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі қауым өкілдерінің діни нанымдары болғанын айқындап берді. Бұл «тас дәуіріне» жатқызылып отыр.

         Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де байланысты. Яғни жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп, өзінше дербес өмір сүре бастайды, сондықтан нақтылы бар нәрселердің адам санасында бейнеленуінің негізінде абстрактілі түсініктер де пайда болады. Бұл мүмкіндіктер адамның тек қана нақтылы іс-әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық қатынастарымен байланысты ғана іске асады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады.

         Ислам - әлемдегі ең ықпалды діндердің бірі. Бұл дін біздің жыл санауымыздың VII ғасырдың басында Аравия түбегін мекендеген араб тайпалары арасында пайда болып қалыптасты.

         Шығыс елдеріне ислам діні таралып, VII ғасырда Араб халифаты дәуірледі. VII-XII ғғ. алып географиялық кеңістіктің халықаралық араб тілі сөйлеу, жазу қатынастарының құралы қызметін атқарды. Шығыстану ғылымындағы араб-парсы негізіндегі мұсылман мәдениеті осы кезеңде дамыды.

         Орта Азияға, Қазақстанға исламның таралуы 706 жылғы Құтайба бастаған араб жаулаушыларының келуінен бастау алады. Академик жазушы Сәбит Мұқанов былай дейді: «Мұхаммед заманында араб түбегіне және оған көршілес Батыс Африканың бірталай еліне ислам дінін соғыс арқылы күшпен тартқан. Мұхаммед өлгеннен кейін халифтер жүргізіп, жетінші ғасыр бастала арабтар әуелі Иранға, одан кейін Сыр мен Амудария арасындағы Мауро-Әннаһар өлкесіне қарай жайып, сол ғасырдың аяғында Түркістанға жетіп, Сағдиен мемлекетінің қалдығы мен Хорезм хандығын талқандады».

Ислам діні Шығыс мәдениетіне игі ықпал етті. X-XI ғғ. өнер-білім, поэзия исламдық мәдениет аңғарында дамыды. X ғасыр Хорезм патшалығы, одан кейінгі Саманилер мемлекеттерінің дәуірінде мәдени-исламдық мазмұнның ағартушылық, адмгершілік, имандылық дәстүрлері нығайды. Хорезм, Бұхар, Отырар қалалары Орта Азиялық мәдени дамудың ірі орталықтары болды. Мәдени дамудың өзін бір ғана діни шеңберде түсіну сыңаржақ ұғым. Мәселе тарихи дәуірмен байланысты. Олай болса ислам мәдениетінде ешбір даму болмады деуге рет жоқ. Сонымен, VIII-XIX ғғ. арасындағы Орта Азияға, Қазақстанға таралған ислам дінінің тарихи-мәдени кезеңдерінде халқытардың ежелден тұтынған Түркілік – Тәңірлік (бақсылық, шамандық) наным-сенімдері мен ислам дінінің араласу, тоғысу үрдісі жүрді. Халықтардың рухани мәдениеттік мұраларында түркілік наным исламдық дүниетаным негіздері сіңісе араласты. Ұлттық ділдегі және дүниетанымдағы ислам құндылықтарының біте қайнасып жатқанын халқымыздың өмір салтынан байқалады. Өмір салтымыздағы рухани мұраларымыздағы исламға дейінгі нанымдар мен ырымдардың орнын жоққа шығаруға болмайды. Ұлттық мәдениет пен ұлттық діл халқымыздың дәстүрлі өмір салты мен халықтық төлтума қасиетінен көрінеді. Дін мемлекеттен бөлек болғанымен, қоғамнан бөлек емес.

         Революциядан бұрын қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың қазіргі Қазақстанның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өмірін зерттеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағлұматтар береді.

         Ал, екі жүз жылдық тарихы бар қазақ баспа кітабының адамзат өмірінен алатын орны ерекше. Осы орайда қазақ баспа кітабының тарихын мейлінше зерттеп, өткен ғасырда шыққан бірер еңбектердің бағыт бағдарын айқындап көрейік.

         Сонау ерте замандағы Тоныкөк, Күлтегін жазбаларын қоспағанда екі жүз жылдық тарихы бар қазақтың баспа кітабы бізге баға жетпес қазына алып келді. Осыдан тура екі жүз жыл бұрын жарыққа шыққан ана тіліміздегі тұңғыш кітап мынау еді деп дөп басып айту үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Қазір бізге мәлім алғашқы баспа кітаптары «Сейфүлмәлік» қиссасы мен қатар фольклорлық шығармалар болып отыр. Революцияға дейінгі кезеңде «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Хикаят Көрұғлы Сұлтан», Қисса-и Құламерген», секілді төрт жүз аталым қарасында тасқа басылған кітап шыққан. Мұның сыртында екі жүзден астам діни кітаптар мен шығыс әдебиеті шығармалары жарық көрген.

         Осы орайда айта кететіні, Қазақ елі Ресейге қосылғаннан кейін I Петр Патша Қазақстанда билігін нығайтудың амалы есебінде XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Ислам дінін уағыздауға ат салысты. Орта мектептер балаларды мұсылмандыққа баулыды. Бұхара, Самарханд, Ташкент шаһарларындағы медреселерде білімдерін толықтырып, араб тілі мен араб философиясын үйренді. Міне, осы саясатты жүргізу барысында діни әдебиетті шығаратын алғашқы баспаханалар бой көтере бастады.

         Осы кезден бастап Россияда мәдениет пен баспа ісінің дамуы оған өз еркімен қосылған қазақ халқы сияқты ұлттардың келешегіне елеулі ықпал жасады. Өйткені қарамағындағы халықтарды басқару үшін де патша өкіметіне жергілікті ұлттардан хат танитын, оқыған мыңдаған шенеуніктер қажет болды. Ондай адамдар бір ғана мұсылманша емес, орысша да оқып, жаза білуі, сөйлесе алуы керек еді. Сондықтан оларды сауаттандыратын діни оқулықтарды көптеп басып шығару империяның әкімшілік, саяси, экономикалық мүддесінен туған талаптар еді. Оның үстіне патша үкіметінің түрлі жарлықтарын, ережелерін, ресми құжаттарын жергілікті халықтарға өз тілінде жариялап отыру үшін де баспахана мен баспа ісін ұйымдастыру қажеттігі туды. Осы талаптарға сәйкес Патша Павел I аймақтарда арнайы баспаханалар ашуға рұқсат етті. Осы мақсатпен Қазанда, Астраханьда, Ташкентте, Орынборда, Омбыда, Қырымда арнаулы баспаханалар ұйымдастырылды.

         XVIII ғасырда қазақ қауымына арналған алғашқы кітаптар шыға бастады. Нақтырақ айтар болсақ 1807 жылы Қазан қаласындағы Қазан гимназиясы баспаханасынан қазақтың тұңғыш баспа кітабы «Сейфүлмәлік» жарық көрді. «Сейфүлмәлік» кітабы қай тілде жазылды деген мәселеге тоқталсақ, Қазан революциясынан бұрын жазба әдебиетте көп қолданылған кітаби тілде жазылды. Бұл тілді ғалымдар кейде шағатай тілі, кейде кітаби тіл деп те атаған. Ертеректе жарық көрген қазақ кітаптарының көпшілігі осы тілде басылған болатын. Бүгінгі таңда бұл кітаптың Мәскеу Мемлекеттік кітапханасынан алынған микрокөшірмесі Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған. 1807 жылғы осы кітаптан кейін қазақ арасына кең тараған жырдың екі нұсқасы бірнеше рет қайта басылып жарық көрді. Біріншісі: Радлов жинағында басылған нұсқа, оны Жүсіпбек Шайхисламұлы аздаған өзгерістермен, жырдың ішіне өз атын қосып, кейбір шумақтарды қысқартып, кейбір сөз тізбектерін өзгертіп бастырған; оны 1903, 1908 жылдары Университет баспасында И. Шамсудинов жеке кітапша етіп бастырды. Екіншісі: 1870 жылы Радлов жинағында басылған «Сейфүлмәліктің» көне нұсқасымен бірге қазақ арасына мол тараған, революциядан бұрын әр түрлі тақырыппен жеті-сегіз рет кітап болып жарияланған нұсқасы. Оны 1882 жылы «Қисса-и Сейфүлмәлік шаһзада ағазкярдан Бәдіғұлжамал – Перизат» деген тақырыппен бастырып шығарды. Кейіннен 1895, 1909, 1914 жылдары «Қисса-и Ғабдүлмәлік» деген атпен қайта басып шығарған. Сейфүлмәліктің орнына Ғабдүмәлік деп, адам аттарын өзгертіп басқаны болмаса, екі нұсқаның арасында ешқандай айырма жоқ. Бұлардың Радлов нұсқасымен сюжет ұқсастығы болмаса, көркемдік дәрежесі де, стилі де екі түрлі. Жалпы «Сейфүлмәлік» дастаны – шығыс сюжетіне құрылған болса да, қазақ халқының ауыз әдебиетімен орайласып, үйлесіп кететін, өмірді қиялдап әсірелей көрсетушіліктің алуан түрлі тәсілдерін, тамаша көркем фантастиканың үлгілерін танытатын айрықша құнды шығарма.

 

         XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдай негізінен оянушылық, надандықпен күресу, оқу-білім алу идеяларының қанат жаюымен ерекшеленді. Қазақтың зиялы қауым өкілдері де қазақ жерлеріне барып мектеп, медреселер ашты, бала оқытты. Олар тек діни, ислам қағидаларын ғана үйретіп қоймай география, математика, шет тілдерін оқыту идеясын ұсынды. Бұл өз заманындағы өте прогресшіл идея болды.

         Ал патшалық Россия қазақтарды сауатсыз етуге тырысты. Тек мұсылман дінінің шырмауында ұстағысы келді. Сондықтан да олар дін иелеріне кеңшілік берді, олардың озбырлықтарын жасырды. Баспалардан шыққан кітаптарға бақылау қойылды. Баспалардан тек пайғамбарлар мен оның сахабалары туралы, әулие-әмбиелер жөніндегі қиссалар басылды. Қазақ халқының ағартушылары мұны көре білді. Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың айтқан пікірлері назар аударарлық. Әсіресе, Шоқан Уәлихановтың «Тегі, Еуропалық мәдениетке Россия Византия дәуірін басынан өткізіп жететін болды... Өйткені, қанша оңбаған болса да Византия Россияға азды-көпті ағартушылық элементі бар христиан дінін енгізді. Ұғымтал болса қазақ халқына татар оқуы түкке аспайтын діни схоластикадан басқа ештеңе үйретпейді. Сондықтан біз қалай да татар дәуірінен оралып өтуіміз керек. Бұл жөнінде бізге үкімет көмек көрсету керек. Көмек көрсеткендер округтарында татар мектептерін ашпай, орыс мектептерін ашу керек», - деп жазды ғалым. Осындай бағытты Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин секілді ағартушылар да ұстады.

         Шоқан Уәлиханов: «Мұсылмандық әзірге біздің тәнімізге сіңіп, қанымызға араласа қойған жоқ. Бірақ ол бізге болашақта халық бірлігін жою қауіпін тудырып отыр» - деп жазды.

         XIX ғасырдың екінші жартысындағы зерттеушілердің пікірнше қазақтар арасында шаманизм мен ислам діні қатар өмір сүріп, бір бірімен ұштасып жатқан. Қазақтар екеуін де қосып ұстаған. Бір Алланың барына сенсе де отқа, көк тәңгірге табынуларын тоқтатпаған.

         Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген көлемді еңбегінде «қазақтар – мұсылман дініне табынумен қоса шамандық нанымдарға иланады... Екі дінге бірдей табыну осы күнге дейін келіп жалғасты», - дейді.

         Шаманизм – адамдардың тапқа әлі бөлінбеген рулық қоғамдағы діні. Бұл діндегілердің ортақ ерекшелігі табиғат күштеріне, ата-бабаның аруағына табыну, шамандардың құдіретті күштерімен тілдесуіне сену болып табылады.

         Шоқан Уәлиханов дін туралы сөз еткенде, адамзаттың даму сатысында көп уақыт ешқандай да дін болмағанына, діндердің кейін шыққанына оның шығу себептеріне, соның ішінде шаманизмнің, ислам дінінің қазақ даласына қалай, қашан келгеніне кең тоқталады.

         Шоқан діннің шығуын материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Оның түсінігінше, діннің шығуының себебі тек табиғаттың стихиялық күштері ғана емес. Діннің шығуының тағы бір себебі – адамның өзінде, оның санасының абстракциялау қабілетінде. Адам санасында «құдай» туралы идеялардың жасалу процесін түсінуге ұмтылған Шоқан: «Табиғаттың енді бір ғажабы – адамның өзі. Сол қабілетті тірі жан, ол ойлай алатын, жан-жағына бағдарлай, сынай қарайтын жаратылыс кереметін аңғаруға, түсінуге келмейтін табиғат күштері болмысының өзі құдай деген құдіреттің дүниеде барлығы емес пе? Адам шаман бейнесіндегі тірі рухқа және аруаққа табынады. Күнделікті өмірде табиғаттың адамға әсері, әсіресе адамның алғашқы пәк көңіл, нәресте кезінде қатты ықпал етті. Сондықтан да адам өзін қоршаған жаратылыстың түсініксіз құбылыстарына арналған - өмір сүру ережелерін ойлап табуға мәжбүр болды. Табиғаттың түсініксіз құбылыстары кезінде сол ереже-заңдарды басшылыққа ала отырып, әр түрлі тосын жағдайларға қалай әсер етудің құралы ретінде қолданды. Ертедегі келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазір біз шамандық – ескі наным деп атап жүрген кезінде, бүкіл халық табынған дін еді», - дейді.

         Шоқанның аңғаруынша ислам діні қазақтар арасына екі жақтан келді. Бірін Қазаннан татарлар әкелсе, екіншісін Орта Азиядан қожалар әкелді. «Ал біздің Сібірде үкімет мұсылмандықты қамқорлыққа алды, соның арқасында біздің облыста ислам ада жайылып, етек алып отыр. Бүкіл қырда татардың шала молдасы көбейіп, Орта Азиядан келген әулиелер қаптап кетті... Әсіресе татар семинаристері қазақтарды соқыр наныммен шырмап, дінге бас шұлғытты...».

         Осындағы «татарлар әкелді» деген ұғымда екі түрлі бағыт болғанын ескерген орынды. Бірі прогресшіл бағыт – ол ислам арқылы қазақтарда сауаттылықтың арттырылуы, дамуы, өсуі, араб әріптерімен басылған кітаптардың көбеюі. Татар ғалымы Ә.Қарамуллиннің зерттеулеріне қарағанда: «Қазақ тіліндегі алғашқы басылым  1831 жылы шыққан. Тап осы тұста Қазан университетінің баспаханасында «Қырғыз халқына хабарлама» деген атпен жарық көрді. 1862 жылы «Ер Тарғын» эпосы араб әрпімен шықты. Татар баспагері Ш. Хұсайыновтың мұрагерлері бұл эпосты 1895, 1898, 1909, 1913 жылдары қайтадан төрт рет араб әріптерімен жариялаған. Сонымен, бір ғана «Ер Тарғын» эпосы революцияға дейін 33800 данаға жеткен. «Қозы – Көрпеш қиссасы» (революцияға дейін) 5 рет, «Зарқұм қиссасы» 12 рет, «Сейтбаттал қиссасы» 5 рет қазақ тілінде араб әрпімен шыққан. Қысқасы, XIX ғасырдың ортасынан бастап 1907 жылды қоса есептегенде қазақ тілінде араб әрпімен 509 басылым 2 миллион 201 мың 105 дана болып басылып шыққан. Бұлардың ішінде «Қыз Жібек» (1894 ж.) «Айман – Шолпан» (1896 ж.), «Алпамыс» (1906 ж.), «Құламерген» (1912 ж.), «Сәтбек батыр» (1909 ж.), «Біржан мен Сараның айтысы» (57800 дана), «Жұмбақтар мен мақалдар» (1908 ж.) т.б. бар.

         Шоқан ислам дінін, араб тілінде жазылған, қазақ халқы түсінбейтін «Құранды», «Мұхаммед пен оның халифтарының кертарапта іс-әрекеттерін сынай отырып, сонымен қатар араб алфавитінің қазақ халқының хат тануына, сауат ашуына, білім іздеуіне жасаған прогресшіл ықпалын да атап көрсетті. Араб тілі, араб алфавиті тек құранның ғана тілі емес, ежелгі гректер мәдениеті мен Еуропа мәдениетін ұштастырушы, араб ғылымы мен дүниежүзілік мәні бар араб классикалық поэзиясының тілі екенін жақсы түсінген Шоқан: «Қазақ жастарының Орта Азия елдерімен тікелей қатысы, әрі татарша хат тануы олардың түрік тілінің шағатай диалектісінде жазылған роман, повесть, поэма мен ертегілерді оқуға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті.

      Ыбырайдың ағартушылық және атеистік көзқарасында ерекше көңіл қоярлық бір жағдай – оның қазақ қыздары үшін оқу орнын аштыру жөніндегі қызметі. Бүкіл шығыс әйелдері ежелден ислам дінінің сан алуан ауыртпалығын бастан кешіріп келгені көпке мәлім. Соның ішінде, әсіресе қазақ қыздарының көрген күні өте аянышты еді. Патриархарлық-феодалдық дәстүр бойынша қазақ әйелдерінің еншісі – малға сатылу, сатып алған күйеуі өлсе, әмеңгеріне тию, таңертеңнен кешке дейін үйдің ауыр жұмысын атқару – мал сауу, отын, су әкелу, бала тәрбиелеу еді. Міне осындай қатал дәстүрге қарсы болған ағартушы қыздарға арнап, феодал, шамандардың, молдалар мен қожалардың қарсыласықанына қарамай қыздарға арналған оқу орнын ашады.

         Ыбырай творчествосының, оның дін туралы түсініктерінің негізгі арнасы – ағартушылық, антиклерикалық бағыт. Оның тарихи еңбегі – бір жағынан қазақ даласындағы ықпалды феодалдармен және ислам дінінің фанатик молда – қожаларымен, екінші жағынан патшаның құқы мен күшті чиновниктері және арнайы жіберілген миссионерлерімен күресе отырып, қыспақтан жол табуында; сахарада қараңғылық пен надандықтың кең керуен жолын бұзып, соның қатарынан ағартушылықтың тар соқпағын салып, халықты, қалың бұқараны осы соқпақпен жүруге шақырып, оны үлкен жолға айналдыруға ұмтылуында.

         Абай Құнанбаев:  «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» - дейді.

         М. Әуезов Абай шығармаларындағы ақын дүниетанымына сүйене отырып, абайтану саласында ұзақ жылдар бойы іздену, ой қорыту арқылы Абайдың исламиятқа қатысын анықтауға, ол жайлы танымдарының негізін білуге ұмтылып келді. Өйткені Абайтану саласында бұл тақырып өз шешімін таппады, арнайы нақтылы зерттеулер бой көтермеді. М. Әуезовтің өзі де сол кезең жағдайына байланысты Абайдың исламиятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой-пікірлер желісін ұсынумен шектеледі.

        1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында бұл мәселе біршама тереңірек, нақтырақ зерттелді. Осы жылдардағы және соңғы кездердегі зерттеулері, әсіресе, эпопея желісінде басты кейіпкерлердің ішкі нанымдарын ашу жолында молырақ көрініс береді. Ал ғылым саласындағы зерттеулер осы мәселе жайлы ой-пікірлері Абай туралы монографиясында қорытындыланса да, ол ойлары тезистік пікір тұрғысында берілген.

         Кейінгі кездегі бұл бағыттағы тындырыла бастаған жұмыстар кемеңгер ақынның мұсылман дін ғылымының да көрнекті білгірі дамытушысы және уағыздаушысы болғандығын көрсетіп отыр. Абайдың дін-ислам жолын жете меңгеріп, оны аса зор сүйіспеншілікпен, шыншылдықпен таза ұстағаны туралы оның отандас ұрпағы - біз ғана емес, тіпті жақын, алыс шетелдік дін сардарлары да жаза бастады. «Бұған Лондондағы дүниежүзілік Ахмедия мұсылмандық қауымының имамы Мирза Тахир Ахмад Қазреттің сөздері дәлел болады. "Абайдың аудармаларын оқығанда", - дейді ол - мені қатты таң қалдырған жәйт - оның ақындық ауқымының, құлашының өте кеңдігі болды. Ол исламды ғажап терең түсінген кісі. Мұның себебі, сірә, ол Құранды үлкен махаббатпен оқып үйренген болу керек, өйтпесе, егер оны берілмей үстірт, тайыз оқыған болса, онда Құран ілімі оның еңбектерінде дәл осылай қасиетті түрде көрініс таппас еді. Абайға тағы бір таң қалғаным - ол дін туралы сөз козғағанда жай бір молда сияқты емес, діннің қажеттілігін білетін, түсінетін; оны үлкен адамгершілік мінез-құлықпен ұштастыратын және ол сезімдерін жоғары поэзиялық жолдар, ұйқастар арқылы өрнектей білетін кісі ретінде көрінді. Ол қандай дәрежеде ұлы саяси қайраткер болса, сондай дәрежеде ұлы ақын, философ және дәл сондайлық дәрежеде діндар адам».

         Шынында, Абайдың дін мәселелеріне қатысты шығармаларын мұсылман дін ғылымының негізгі принциптері мен қағидалары тиянақталған, жинақталған Қалам Шариф - Құранмен,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға