Жаңалықтар

WhatsApp-та ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмірі іске қосылды

WhatsApp-та ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмірі іске қосылды
Фото: © Pixabay.com 04.09.2023 14:04 1012

2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап «WhatsApp» мессенджерінде төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмірі іске қосылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға