Жаңалықтар

WhatsApp басшысы халықты Telegram-нан бас тартуға шақырды

WhatsApp басшысы халықты Telegram-нан бас тартуға шақырды
Фото: Shutterstock 16.02.2023 14:26 903

WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды. Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Оның айтуынша, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді.

Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын қызметі жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді, деді ол.

Сонымен бірге ол Telegram құпия чаттардағы мәліметтерді басқа адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін, одан қалды кез келген елдің билігі Telegram-нан өз азаматтарының жарияланған материалын сұрата алатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға