WBA қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

Фото: instagram.com/sultanzaurbek
Фото: instagram.com/sultanzaurbek
02.08.2023 19:32
1009
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық боксшылардың орны да өзгерді.
Екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет бір саты төмендеген. Бұған дейін ол 9-сатыда тұрса, енді ол 10-орынға жайғасты.
Ал екінші жартылай жеңіл салмақ өкілі Сұлтан Зауырбек жағдайын жақсартты. Ол оныншы орыннан бірден 7-орынға көтерілді.
Естеріңізде болса, Сұлтан шілдеде испаниялық боксшы Джон Картерді үшінші раундта жеңген. Осылайша, ол шаршы алаңда 15-айқасын өз пайдасына шешті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді