WBA: екі боксшымыз үздік 15-тіктің қатарынан шығып қалды

Фото: instagram.com/kossobutskiy
Фото: instagram.com/kossobutskiy
04.09.2023 15:00
636
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жаңартылған рейтинг ұсынды, екі қазақстандық боксшы үздік 15-тіктің қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 15-тіктегі орнынан айырылып қалған. Бұған дейін ол 14-орында тұрған еді. Сонымен қатар Серік Мұсәділов те орнынан түскен. Жаңартылған рейтинг жарық көргенге дейін ол 15-орынта тұрған еді.
Оқи отырыңыз:
Ал екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек жетінші сатыдан алтыншы сатыға жоғарылады. Екінші аса жеңіл салмақта Евгений Павлов үздік үштікке жақындады – бесінші орыннан 4-орынға көтерілді.
Бөлісу:
