Жаңалықтар

Владимир Путин Қазақстанға келеді

Владимир Путин Қазақстанға келеді
Фото: gov.kz 11.04.2023 18:17 1921

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ресей Федерациясына ресми сапары басталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей Федерациясы Президентінің сыртқы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен екіжақты кездесулер өтті.

"Ресей тарапының биыл күзде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға дайындығын растағанына алғысымызды білдіреміз. Осы сапар аясында жемісті келіссөздер өтеді деп ойлаймын, біз өңіраралық форум ұйымдастыра аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біз қазір осы іс-шараны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Форум Қостанайда өтеді", - деді Мұрат Нұртілеу.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға