Жаңалықтар

Вице-министр АҚШ енгізген жаңа тарифтерге қатысты пікір білдірді

Вице-министр АҚШ енгізген жаңа тарифтерге қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 09.04.2025 10:53 340

2025 жылдың 9 сәуірінде Мәжіліс кулуарында сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров АҚШ президентінің қазақстандық тауарларға қатысты кедендік баж салығын 27%-ға дейін арттыру туралы шешіміне Қазақстан қалай жауап қатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілшілер Қуантыровтан «Сыртқы істер министрлігі АҚШ үкіметімен бұл баж салығын азайту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр ма?» деп сұрады.

Бұл мәселе қазір зерттеліп жатыр, себебі тарифтер енді ғана енгізілді. Қателеспесем, олардың мөлшері 27%-ды құрайды. Сондықтан бұл мәселе Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр, – деді Әлібек Қуантыров.

3 сәуір күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі (СИМ) АҚШ тарапынан бірқатар тауарға енгізілген жаңа кедендік баж салығына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Ведомство Қазақстан Үкіметі АҚШ-пен қосымша тарифтердің қолданылмауы жөнінде консультациялар бастайтынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға