Жаңалықтар

Виктория Графеева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Виктория Графеева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.03.2025 23:08 161

Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Виктория Графеева күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева финалда ресейлік Нунэ Асатрянмен өзара мықтыны анықтаған болатын. Алайда кездесу нәтижесінде төрешілердің шешімімен Нунэ Асатрян басым түсті.

Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг) мен Алуа Балқыбекова (50 кг) әлем чемпионы атанған болатын. Оның ішінде Назым Қызайбай ел тарихында тұңғыш рет бокстан әлем чемпионатында топ жарған спорт ретінде рекорд орнатты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға