Жаңалықтар

VIII.Қазтуған жырау

Толғаудың бұл жолдары жыраудың ата тегі билік ұстанған әулеттен тарайтынын, сондай-ақ, оның өз алдында ағалары болғанын көрсетеді.
31.03.2014 04:03 10117

Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы... – деп берілетін сипаттамаға зер салсақ, бұл тұста жырау өзінің шыққан тегін және сол әулетте өзі қандай роль атқарғанын алға тартатынын байқаймыз.

Толғаудың бұл жолдары жыраудың ата тегі билік ұстанған әулеттен тарайтынын, сондай-ақ, оның өз алдында ағалары болғанын көрсетеді. Осы орайда ел арасында Қазтуған жырауға қатысты айтылатын: «Онымыз тұрып оқ атсақ, Он сан қалмақ бөлінген» деген сөздерді тағы бір еске оралтсақ, сөз бастауында айтып өткен болжамымыздың шындыққа жанасымдылығына ден қоюға болатындай. Ал осы үзіндідегі соңғы екі тармақ сол он азаматтың ішінен Қазтуғанның даралана көрінгенін танытады.

Ата тегін таныстырудан басталып, өзін таныстыруға ұласып кететін жыр жолдары «Сүйінішұлы Қазтуған!!!» деп аяқталатынбелгілі. Бұл жолдарда жырау елдің біртұтас ел болуы жолында өзінің не істей алғанын образды үлгіде жеткізеді. Оның ішінде алғашқы екі тармақ жыраудың қысталаң күндерде елді қыспақтан шығаруға бағытталған қарекеттерін көрсетуге бағытталса, кейінгі екі тармақта елдің бейбіт өміріндегі құндылықтарды қалыптастыру жолындағы әрекеттері көрінеді. Қазіргі ұғыммен айтқанда, қоғамдық сананы қалыптастыруға сіңірген еңбегі жырланады. Бұл орайда «Мұсылман мен кәуірдің арасын бұзып өтіп, дінді ашқан» деген тіркестегі «дін» сөзін белгілі бір дін ұғымына теліп қою аздық етеді. Өйткені жыраудың бұл қолданысындағы «дін» сөзі тұтастай «қоғамдық сана» деген мәнде танылады. Осы мәнде дұрыс ұғынған жағдайда біз Қазтуған жыраудың өз дәуіріндегі Қазақ хандығы үшін аса қажетті тұлға – идеолог қызметін де сәтімен жүргізе алғанын және сол еңбегін өзі қанкешу жорықтардағы ерліктерінен еш төмен санамайтынын бағамдай алар едік.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

 

  1. Ел аңыздары мен жырлардан, қолжазба нұсқалардан Қазтуған жырау өміріне байланысты қандай жағдайлар танылады?

 

  1. Жыраудың әдеби мұрасының жариялану жайына шолу жаса.

 

  1. Қазтуғанның ел мен жер туралы толғауларына талдау

 

жаса.

 

  1. «Мадақ жыры» толғауындағы жырау бейнесін сипатта.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Қасқабасов С. Шығармалары. 1-том. Жаназық. – Астана: Фолиант, 2011.

 

  1. Алдаспан. – Алматы, 1971.

 

  1. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы,1993.

 

  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы,

 

2006.

 

  1. Қасқабасов С. Шығармалары. 1-том. Жаназық. – Астана: Фолиант, 2011. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға