Жаңалықтар

VI.Үмбетей жырау

Енді осы жырларда Бөгембай батыр бейнесінің жасалу ерекшеліктерін саралап көрелік.
31.03.2014 09:04 15921

Жыраулар поэзиясы сол дәуірдің шындығын, үлкенді-кішілі оқиғалардың көрінісін, елдік арман-мұраттарды кейінгі ұрпаққа жеткізумен қатар, тарихи тұлғалардың ел өмірінде қандай маңызды орын алғанын, олардың тарихи еңбектерін, жеке адам ретіндегі қасиеттерін айқындай танытуда да бағалы қызмет атқарады. Үмбетей жыраудың осындай маңызға ие жырлары – Бөгембай батырға байланысты толғаулары. Олардыңбірі «Бөгембай өліміне» аталатын жоқтау болса, келесісі– «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту».

Бұл туындыларда Бөгембай батырдың бейнесі, ел амандығы жолында атқарған тарихи істері көрініс табуымен қатар, Бөгембайбатырды ардақ тұтқан Абылай ханның өмірбаянына қатысты тарихи жағдайлардың, қазақ тарихындағы бірнеше маңызды оқиғалардың, ханның өзінің шындыққа негізделген көркем бейнесі жасалады. Жыраудың шеберлігі сонда – ол осы жәйттердің бәрін бірімен-бірін байланыстыра, бірінен-бірін өрістете жырлай отырып, Бөгембай батырдың тарихи көркем бейнесін тұлғалайды. Тіпті, басым бөлігіне Абылай ханның өмір дерегі арқау болған «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғауының өзінде атақты батырдың кесек образы асқақтай танылады.

Енді осы жырларда Бөгембай батыр бейнесінің жасалу ерекшеліктерін саралап көрелік.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, «Бөгембай өліміне» – жанрыжағынан жоқтау. Ал жоқтаудың негізгі ерекшелігі дүниеденозған адамның жасаған жақсылықтарын көрсету, жақсы қасиеттерін еске алу болып келетіні мәлім. Үмбетей жоқтауында да осы дәстүр сақталған. Әйткенмен, жырау Бөгембай батырдың күнделікті тірліктегі абзал істерін, жайсаң мінезін тізбелей бермейді. Батырдың болмысындағы ерекше қасиеттерді және оның өнегелі істерінің қатарынан ел үшін аса маңызды саналатын ерліктері мен еңбектерін ғана талғап жырлайды.

«Уа, Алатаудай Ақшадан Асып тудың, Бөгембай, Болмашыдай анадан Болат тудың, Бөгембай!» – деп, батырдың дүниеге келуінің өзін айрықша оқиғадай бейнелейтін жырау одан кейінгі тармақтарда Бөгембайдың бірегей қасиеттерін, елге сіңірген еңбегін толғайды. Мәселен, батырдың ел ішіндегі салмағын, батырлық даралығын суреттейтін:

«Құбыла көшкен байтақтың Ордасындай Бөгембай!

...Жалаңқия жерлерден Жазбай түсіп түлкі алған Білегі жуан бүркіттің Тегеурініндей Бөгембай!» – деген жолдар жыраудың эмоция жетегінде айтқан сөздері емес, қалың елдің қай кезде де Бөгембай төңірегіне үйіріле топтасқанын көрсететін, оның себебі батырдың қандай қиын сәтте де көздегеніне қапысыз қол жеткізетін мінезіне халықтың кәміл сенімінде жатқанын айғақтайтын бейнелі шындық.

Жырау Бөгембай батырдың ел үшін жасаған ұлан-ғайыр еңбектері мен ерліктері арасынан оның қалмақ шапқыншылығы кезіндегі қаһармандығын баса айтады. Оның да лайықты себебі бар. Өйткені сол дәуірдегі қазақ баласы үшін сыртқы жаудан елді қорғау, атамекенді аман сақтап қалудан ұлы ерлік болған жоқ. Сол мақсат жолындағы қанкешу шайқастарда батырлық танытқан ерлерден асар тұлға да болған жоқ.

Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға