Вьетнамнан Қазақстанға тағы бір тікелей рейс ашылады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
30.10.2024 09:22
357
Вьетнамдық әуекомпания Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.
«Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2025 жылдан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен, яғни, сәрсенбі және сенбі күндері Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ: Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты