Вьетнам президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
![Вьетнам президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды t.me/aqorda_resmi](/storage/storage/element/2023/08/21/mainphoto/64696/1200xauto_I1ptIbvs9yEd1n8xVns8RX0qOrzOWKl4AoFAYtE4.jpg)
Фото: t.me/aqorda_resmi
21.08.2023
1305
Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)