Вьетнам мен Астана арасында тікелей рейс ашылады

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
26.10.2024 16:04
774
«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде бұқа мен қойды шығаруға квота енгізілді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті