Жаңалықтар

Ветеринария саласы мамандарының жалақысы артуы мүмкін

Ветеринария саласы мамандарының жалақысы артуы мүмкін
Фото: pixabay.com 13.03.2023 15:59 1436

Қазіргі уақытта заң жобасы Үкіметтің қорытындысында және мүдделі мемлекеттің органдардың ескертулері мен ұсыныстарына пысықталу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы «Қазақстанда ветеринария саласын реформалау»  тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, мемлекет басшысының «Ветеринария жұмысын реформалау» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында министрлік ветеринариялық қызметке талдау және аудит жүргізген. Сонымен қатар ветеринария саласын жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірленіпті. Олар сараптамалық қоғамдастықпен, бизнеспен, салалық қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен  бірнеше рет талқыланған.

«Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұйымдастырушылық шаралар жоспарланды. Жол картасы бекітілді. Оған барлығы 55 шара кіреді», деді Асқар Жақыпбеков.

Ол Парламент депутаттары ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына бастамашылық жасағанын айтты. Бұл аталған саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге ұзақ мерзімді кезеңде ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Заң жобасы орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттерді бөлу, процесстерді цифрландыру, деректерді жинау, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіреді. Сонымен қатар осы саладағы мамандардың жалақысын арттыру, оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету арқылы ветеринария жүйесін реформалауды көздейді», деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

Асқар Жақыпбековтың айтуынша, заң жобасында 7 заңнамалық актілерге келесі бағыттарда өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделген. Олар:

  • Орталық пен өңірлердің арасындағы функциялар мен өкілеттердің ара жігін ажырату;
  • Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйыммдарда тән емес функцияларды алып тастау;
  • Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қосымша функция беру;
  • Облыстың жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық пунктілері мен ауылдарда, облыстық маңызы бар қалаларда  оқшауланған бөлімшелері бар облыс деңгейінде мемлекеттік ветеринариялық  ұйым құру мүмкіндігі;
  • Құзіреттілікті функциялар мен өкілеттерді заңнамалық деңгейде артық нақтылауды алып тастау;
  • Ветеринария саласында кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру;
  • Ветеринария саласындағы мамандардың құқықтары;
  • Аталған саладағы мамандардың жалақысын арттыру және әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;
  • Ветеринариялық дәрігерлердің мәртебесін арттыру;
  • Ветеринариялық статуарлық органды және қызметін анықтау;
  • Ветеринариялық препарат қолдану рәсімін Еуразиялық экономикалық одақтың құжаттарына сәйкестендіру;

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға