Велоспорттан әлем чемпионаты: Қазақстаннан кімдер қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
02.08.2023 20:36
940
3-13 тамыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында велоспорттан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл чемпионаттың ерекшелігі, ол велоспорттан барлық жарыс түрлерін біріктірген.
Шосседегі велоспорт командасына мына спортшылар енген: Алексей Луценко, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Глеб Брусенский, Дмитрий Груздев, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова және Фаина Потапова.
Оқи отырыңыз:
- УЕФА түрмеде жатқан Қайрат Боранбаевтың қызметін сақтап қалған
- 15 жастағы қызды жүкті қылған Абай облысының тұрғынына сот үкімі шықты
Андерлер деңгейінде: Андрей Ремхе, Максим Тараскин, Ильхан Достиев, Егор Стрельников, Николя Винокуров және Руслан Алиев бар.
Тректегі велоспорттан ел намысын қорғайтындар: Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Артем Захаров және Рамис Дінмұхаметов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда кеме командирінің дипломын алу жеңілдеді
Келесі жаңалық
Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды