Велоспорт: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
08.02.2025 02:09
93
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велспорттан Пхитсанулокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Біздің спортшылар аралас командалық эстафетада жеңіске жетіп, тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді.
Елімізге алтын медальді Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Анжела Соловьева алып келді.
Күміс жүлдені Жапония иеленсе, қола медаль Гонконгқа бұйырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы