Жаңалықтар

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты
Фото: Мейіржан Төребаев / Мейірхан Шерниязов 23.06.2023 19:03 1726

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін сот Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды. Компания басшысы Руслан Бұрханов 12 жылға, ал құрылтайшысы Андрей Ча 8 жылға сотталды.

Алмас Құрманғалиев - 14 жылға;

Дания Рахымова - 10 жылға;

Ержан Мансұров - 9 жылға;

Ерлан Мансұров - 9 жылға;

Руслан Бұрханов - 12 жылға;

Тимур Рустемов - 12 жылға;

Андрей Ча - 8 жылға;

Нұрлан Сұлтанбаев - 8 жылға;

Самат Қасенов - 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың жазалары жеңілдетіліп, сот оларды жазықсыз деп тауып, ақтап шықты. Дегенмен қаржы пирамидасын құрғаны үшін кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі төмен режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға