Жаңалықтар

«Ванна бөлмесі бар». Абай облысында жазық далаға 30 млн теңге тұратын әжетхана салынды

«Ванна бөлмесі бар». Абай облысында жазық далаға 30 млн теңге тұратын әжетхана салынды
Фото: Дидар Смағұловтың жеке архивінен алынған 20.06.2024 12:19 2321

Абай облысында жазық далаға бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген дәретхана салынды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

Абай аудандық ішкі мемлекеттік аудит департаменті осыншама қаржының не үшін жұмсалғанын түсіндірген.

Нысанның құнына су мен электр қуатын орнату және жеткізу кіреді. Пайдалану ауданы – 36,92 кв.м. Нысанда сауда алаңы, мүгедектерге, ерлер мен әйелдерге арналған ванна бөлмесі, сонымен қатар қызметкерлер бөлмесі және электр жылытуы бар техникалық бөлме бар, – деп түсіндіреді қаржы мониторингі агенттігі.

Қазіргі уақытта Абай аудандық ішкі аудит басқармасынан бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу фактілерін тексеру нәтижесін күтіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға