Валюта бағамы: доллар мен рубль арзандады

Фото: ©AP/Ted SHAFFREY
Фото: ©AP/Ted SHAFFREY
08.06.2023 10:00
914
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443- 449 теңгеден бағалануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 447,5 теңге. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр. 7 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 446,56 теңге болған.
Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,49 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39 – 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35 - 5,5 теңгеден сатылуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте күннің ыстығынан 10 адам ауруханаға түсті
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті