Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды

Фото: instagram.com/meladzevalerian
Фото: instagram.com/meladzevalerian
20.01.2024 16:40
1054
Ресейлік әнші Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды. Бұған өнер иесінің жақын адамдарының бірі дүниеден озуы себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республика сарайының Instagram-дағы ресми парақшасы жариялаған хабарламаға сүйенсек, Валерий Меладзенің 20, 23, 25 қаңтарға жоспарланған концерті отбасылық қайғылы жағдайына байланысты 2, 4, 6 ақпанға ауыстырылды. Яғни, 20 қаңтардағы концертке сатып алған билет 2 ақпанда өтетін кешке, 23 қаңтардағы билет 4 ақпанға, 25 қаңтарда өтетін концерт билеті 6 ақпанға жарамды.
Қосымша сұрақтар болса, билетті сатып алған жерге хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын айтты
- «Ренжімеңіздер». Ерке Есмахан ел күтпеген жаңалығын бөлісті
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды