Валентина Хальзова іріктеу турнирінде келесі айналымға өтті

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
10.03.2024 04:35
788
Қазақстандық Валентина Хальзова бокстан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Хальзова жастар арасындағы әлем чемпионы, түркиялыққ Бусра Исилдарды жеңді.
Қазақстандық боксшы үш раунд бойы басымдық танытып, ширек финалға өтті.
Енді ол 11 наурыз күні шаршы алаңға шығады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Биылғы ақпан - тарихта ең жылы ай
Келесі жаңалық
«Талибан» британиялық қарт ерлі-зайыптыны қамауға алды