Жаңалықтар

Вакцинация паспорты мен ПТР тест анықтамасын көрсету талабы жойылады

Фото: baq.kz
Вакцинация паспорты мен ПТР тест анықтамасын көрсету талабы жойылады
07.06.2022 12:02 44207

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады.

Бірінші, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;

Екініші, Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға