Жаңалықтар

Вакцинадан кейін балалар арасында гепатит өршігені рас па

Фото: stopfake.kz
Вакцинадан кейін балалар арасында гепатит өршігені рас па
10.06.2022 10:00 1247

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакцина кейбір елдерде балалар арасында гепатиттің өршуіне себеп болды деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар арасында белгісіз гепатиттің өршуі АҚШ, Ұлыбритания және Еуропаның кейбір елдерінде тіркелген. Науқастардың басым бөлігі 10 жасқа дейінгі балалар. Ал, кейбіреулері әлі беске де толмаған. Әзірге ғалымдар аурудың нақты себебін анықтаған жоқ. Алайда қазіргі теорияларда бірден бірнеше нұсқа ұсынылып отыр. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, ауру бауырдың жұмысына әсер еткен COVID-19-бен аурудың салдарынан туындаған. Басқаларының пікірінше, бұған дұрыс тамақтанбау және балалар арасындағы семіздік себеп болуы мүмкін.

Шотландияда жүргізілген зерттеу ауру ошағы 41 типті аденовирустан туындауы ықтимал екенін көрсетті. Ол науқас балалардан алынған биоматериал үлгілерінің көбінен табылған. Науқастардың бәрі бірдей егілмегендіктен, COVID-19-ға қарсы вакцина балалар арасында гепатиттің өршуіне себеп бола алмайды. Өйткені бес жасқа дейінгі балаларға арналған COVID-19-ға қарсы вакциналар әлі мақұлданған жоқ.

КВИ қарсы вакцина бес жастан асқан балалар ғана жасалады. Бірақ мақұлдамас бұрын барлық препараттар клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Олардың барысында вакцинация нәтижесінде гепатитпен ауыру жағдайлары болған жоқ. Ғалымдар жаппай аурудың себебін әлі күнге дейін анықтап жатыр. Ауырған балалардың бәрі бірдей екпе алмағандықтан оның себебі вакцина бола алмайды.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға