Жаңалықтар

Вагон цистернасынан күкірт қышқылы аққан соң эвакуацияланғандар үйлеріне оралды

Вагон цистернасынан күкірт қышқылы аққан соң эвакуацияланғандар үйлеріне оралды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 02.06.2024 02:20 911

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 10 үйдің тұрғындары үйлеріне оралды. Олардың жалпы саны - 46 адам, оның 18-і бала, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің хабарлауынша, вагон цистерна Малайсары вокзалынан 1 шақырым қашықтықтағы қауіпсіз жерге сүйретілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шектерде екенін анықтады. 

Кербұлақ ауданының радиациядан және химиядан қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізуде.

Еске салсақ, Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан болатын. Жақын маңдағы тұрғындар дереу эвакуацияланды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға