Жаңалықтар

Қазақстанда жапондық капиталдың қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді, тағы 20-сы пысықталу үстінде

 Қазақстанда жапондық капиталдың қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді, тағы 20-сы пысықталу үстінде
12.06.2019 11:32 2759

Жапония – Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Жапония еліміздегің негізгі инвесторларының алғашқы ондығына кіреді. 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес 2005 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде жапон инвестицияларының жалпы ағыны 5,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал 2018 жылы Жапониядан келген инвестициялардың жалпы ағыны 403 АҚШ млн. долларын құрады. 2018 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті, оның ішінде экспорт - 1,5 АҚШ млрд., импорт - 497 АҚШ млн. доллар.

Бүгінде қазақстан-жапон қатынастары өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Қазақстанда жапондық капиталдың қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс істейді. Екі ел арасыеда инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім бар.

Жапондық инвесторлардың қатысуымен химия өнеркәсібі, машина жасау, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және кен-металлургия салаларында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Алматы облысындағы «Mareven Food» жапондық компаниясы дайындалған азық-түлік пен жартылай фабрикаттарды шығаратын зауытты іске қосты. Жобаның құны шамамен 50 млн. АҚШ долларын құрады, шамамен 600 жұмыс орны ашылды. Бұл зауыт азық-түлік пен жартылай фабрикаттарының кең ассортиментін отандық өндірушіден ұсынады. Бұл дегеніміз Қазақстанның ішкі нарығын ғана емес, сондай-ақ ЕАЭО, Қытай, Өзбекстан және Моңғолияны өнімдермен қамтамасыз етуді білдіреді.

Алматы қаласында болат кабельдерді өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – «Tokio Rope» компаниясы инженерлік қорғау жүйелерін өндіру зауытын салған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 17 мың тоннадан астам болат өнімдерін құрайды.

Жамбыл облысында жапондық Cokey Systems компаниясының қатысуымен мия тамырын терең өңдеу зауыты пайдалануға берілді.

Анықтама үшін: мия тамырында гликирризицин қышқылы бар. Ол тағамдық тәттілендіруші және препарат ретінде қолданылады.

Көлік саласындағы әлемдік көшбасшы – NYK Group жапондық компаниясы Алматыда автокөліктерді өңдеу үшін логистикалық терминал салған. Негізгі қызмет – терминалмен жұмыс істейтін автокөліктерді тасымалдау және дилерлерге тасымалдау. Қазіргі уақытта инвестор Нур-Султан қаласында ұқсас терминал құрылысын аяқтап жатыр.

Біз мұнай-химия, инфрақұрылым, фармацевтика, энергетика, ақпараттық технологиялар және инновация секілді салаларда Жапониямен өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі мен болашағын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта ҚР СІМ Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігімен және «Қазақ Инвест» АҚ-мен бірлесіп шамамен 20 жобаны пысықтап жатыр.

mfa.gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға