В.И.Королев және В.Б.Кошуков
Королев Виталий Иванович 1916 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Приишим (қазiргi Бескөл) ауданындағы Боголюбово селосында туған. Челябi облысының Копейск қаласындағы таукен техникумында оқыған. 1935 жылдан бастап әскер қатарында. 1939 жылы Сталинград әскериавиация мектебiн бiтiредi. Соғысқа 1941 жылдың маусымынан бастап қатысады.
2әуе авиациясы 32истребительдер авиациясы дивизиясының 482истребительдер авиациясы полкы командирiнiң орынбасары, майор Виталий Иванович Королев соғыс жылдарында 435 рет әуеге көтерiлген.
«Отыз үш батыр» деген кiтабында Е.З. Воробьев бiздiң жерлесiмiз бен оның достарының жауынгерлiк iсқимылдарын былай баяндайды: «...Буянов, Королев, Хлуд, Филатов төртеуiнiң «мессерлер» тобымен шайқасын бiз көзге шалынбастан көрiп отырмыз. Қымқуыт шайқас кезiнде кенет Буянов айғай салды:
– Көтер, әйтпесе өртейді! Тағы да сәл көтере түс! Жағдайларыңның жаман екендiгiн бәрi де түсiнiп тұр.
Үзiпжұлып естiлген бiренсаран сөздерiне қарап шырқаудағы әуе ұрысында не болып жатқанын бiлмейсiң, алайда оның жалын демi жердегiлердi де күйдiрiп барады. Кенет құлаққа келiп тұрған радио толқынының июқию ызыңы мен шартшұрт шуылы арасынан бiреуiнiң көңiлдi әрi қалжың аралас даусы апанық естiлдi:
– Ауа жаудан тазартылды!
Бұл аспанның әлдебiр шаршысында жеңiске қуанған Королевтiң әзiл қосқан рапорты едi».
Соғыстың екi аптасы ішiнде Виталий Королев немістің жетi ұшағын, ал топтасып екi ұшағын құлатты.
Араға 15 минут салып, Королевтiң «ЯК3»і аэродромның үстiнен қылаң бердi. Тағы бiрекi минут өттi ме, өтпедi ме, Королев машинасын жазғы ұшу алаңын қаумалаған орманның шетiндегi қайыңнан жасалған тұрағына апарып қойды.
Оның машинасының фюзеляжында қара мысықтың суретi салыныпты. Бұл «қара мысық» 97 әуе ұрысында Королевтiң тiкелей өзi құлатқан жаудың 21 ұшағының және топтасып құлатқан 10 ұшақтың алдарынан кесiп өткен едi.
1945 жылдың 27 маусымында жауынгерлiк ісқимылдары, ерлiгi мен өжеттiгi үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
1948 жылы Жоғары офицерлiк ұшутактикалық курсын бiтiрдi. Полковник Королев 1957 жылы запасқа шығарылды. Калининград облысындағы Ржев қаласында тұрды. Ленин орденiмен, үш рет Қызыл Ту орденiмен, екi рет Қызыл Жұлдыз орденiмен, медальдармен марапатталды. 1957 жылдың 4 қарашасында дүниеден өттi.
Кошуков Вениамин Борисович 1922 жылы Түмен облысының Ильинка селосында туған. 1928 жылы отбасы Солтүстiк Қазақстан облысына көшедi. 8кластан кейiн химиятехнология техникумын, одан соң Чкалов әскериәуе мектебiн бiтiредi.
Жас лейтенант В.Б. Кошуков 1942 жылдың қыркүйегiнде 190бомбалаушы авиаполкке жолдама алады.
Сталинград түбiндегi әуе шайқастарында Вениамин Кошуков жауынгерлiк ұрысқа қатысып, шыдамдылыққа үйренедi, ерiкжігерiн шыңдайды. Оның ұшқыш ретiндегi тамаша қасиеттерi, әсiресе, немiстiң «Көгiлдiр желiсiн» жою жөнiндегi кескiлескен шайқас өрiстеген Кубаньда танылады.
1943 жылдың 13 ақпанында Хабель разъезiнде қарсыластың броньды пойызын жою жөнiндегi тапсырмасын орындау кезiнде ол жер бауырлай ұшып келе жатып, атыс нүктелерiнiң үнiн өшiредi, снарядтармен бронь алаңы мен паровозды күлталқан қылады. Екi күн өткен соң жаудың зенит батареясын шабуылдап, одан кейiн үстiне бомбалар тастап, теміржол кө пiрiн iстен шығарады.
Таулы жердегi күрделi жағдайда он төрт жауынгерлiк ұшуды ойдағыдай орындағаны үшiн лейтенант Кошуков 1943 жылдың 17 ақпанында Қызыл Жұлдыз орденiмен марапатталады.
22 ақпанда ұшқышштурман Славянская станциясы ауданына ұшып шығады. Нысанаға жақындай бергенде оның самолетi зенит оғының астында қалып, тура тигендiктен машинаның қапталы тесiлiп, бұру рулi зақымданады. Алайда Кошуков жауынгерлiк тапсырманы орындап, самолеттi аэродромға дейiн жеткiзiп, шеберлiкпен қондырады.
Сәуірдің бiр күнi Вениамин алты «Илды» бастап келе жатып, Қырым станциясы ауданында 37 «Юнкерске» тап болады. Немiс бомбардировщиктерiнiң қалың қатарына сыналай кiрген Кеңес ұшқыштары оларға қарсы әуе шайқасын ашады. Олар өжет те шебер шайқасады. Бір самолетiнен айырылған қарсылас өлiм шашатын жүгiн өз әскерлерiнiң төбесiне тастауға мәжбүр болады.
Бір аптадан соң «ИЛ2»нiң бiр тобы сол құраммен Новороссийскiнiң түбiндегi бекiнiстi жотаны шабуылдауға ұшып шығады. Күштi зенит оғына қарамастан, жүрек жұтқандар гитлершiлердiң далалық артиллериясының сегiз қаруының үнін өшiрдi. Осыны пайдаланған бiздiң жаяу әскерлер басымдықта болған жотаны иемденедi. Қайтар сапарларында «ИЛдер» «Ме109» истребительдерiнiң шабуылына тап болады. Жетекшi штурмовик елеулi түрде зақымданса да, шайқастан шығып кетпейді.
1943 жылдың мамырынан лейтенант Кошуков жеке Приморск әскеріндегі 622авиаполктiң звено командирi болады. Қырымды азат етуге қатысады.
1943 жылдың 17 қарашасында жас лейтенант Қызыл Жұлдыз орденiн алады. Екi күннен кейiн Керчь түбегiнде қарсыластың жағалау бекiнiстерiн көздей жүрiп, ол бораған бөгеушi оқ арасынан өтiп, жер бауырлап ұшқанша төмендейдi де, нысананы көрiп, снарядтармен дәл үстiнен түсiп, оқдәрi қоймасын құртып жiбередi.
Ерлiк пен өжеттiлiктiң мұндай мысалдары Вениамин Кошуковтың әскери өмiрбаянында толып жатыр. 1943 жылдың желтоқсанында оны авиаэскадрилья командирiнiң орынбасары етiп тағайындайды.
«Лейтенант Кошуков «ИЛ2» самолетiнде ойдағыдай жауынгерлiк 120 ұшыс жасады», – делiнген марапат қағазында.
«...Ол 87 автомашинаны, ондаған танктердi, далалық артиллерияның тоғыз қаруын, сегiз зенит нүктесiн, оқдәрiсi бар төрт қойманы, миномет батареясын, паровозды, баржаны, дзоттарды құртты...»
Жауынгерлiк тапсырмаларды үлгiлi орындағаны, ерлiгi, өжеттiгi мен қаһармандығы үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1944 жылғы 13 сәуiрдегi қаулысымен Вениамин Борисович Кошуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.