В.И.Быковский және А.С.Викторенко
Быковский Виктор Иванович Саратов облысының Терновка селосында 1919 жылы дүниеге келген. 1935 жылы атаанасы қайтыс болған соң оны Петропавл қаласында тұратын ағайы тәрбиеледi.
Петропавл медицина техникумын тәмамдаған соң Быковский Қызыл Армия қатарына шақырылды.
Ұлы Отан соғысының шайқастарына 1942 жылдың шiлде айынан бастап қатысты. 72армиядағы 224гвардиялық атқыштар полкiнiң санитарлық взвод командирi, медициналық қызметтiң лейтенанты Быковский 1942 жылғы бiр оқиға туралы былай деп еске алады: «25 қыркүйекке қараған түнде бiздiң батальон Днепр өзенiнен өтудi бастады. Таң алдында Бородаевка деревнясының шетiнде кескiлескен шайқас болды. Мен басшылық жасаған санитарлық взвод шабуылға қатыса отырып, жараланғандарға көмек көрсеттi. Таң алдында бiз деревняға басып кiрдiк, көшелерде кескiлескен ұрыстар жүрiп жатты. Деревнядағы үйлердiң бiрiнен мен өз санитарларыммен бiрге өлiм жазасына кесiлген барлаушыларды – 11 қызыл әскердi аман алып қалдық. Немiстiң үш офицерiнiң көзiн құртып, екеуiн тұтқынға алдық. Барлаушылар ауыр соққылардан кейiн аяқтарын әрең басып тұр екен. Түс әлетiнде Бородаевка деревнясы фашистерден азат етiлдi, ауыр да қиянкескi ұрыстардан кейiн жаралылар көп болды. Медициналық көмек көрсеткен соң оларды тас подвалдардың бiріне орналастырдық. Алайда көп ұзамай жау қарсы шабуылға шықты. Олар бiздiң қорғаныстың бiр тұсын бұзып өтiп, деревняға қайта кiрдi. Фашистер, әсiресе, батальонның медициналық пунктiнiң қасына көп шоғырланды. Қолдарына қару ұстай алатын жаралылар санитарлармен бiрге фашистерге қарсы соғысты».
Осы ұрыста Виктор Иванович екiншi рет жараланды, сол қолының сүйегiне оқ тидi. Кешке қарай ұрыс әлсiреп, жау негiзiнен тiзе бүктi. Екi рет жараланған Быковский түнгi сағат екiге дейiн барлық жаралыларды Днепрдiң жағалауына жөнелткенше әскери міндетiн атқарумен болды.
Виктор Ивановичтiң жеке өзi шайқас алаңдарынан 80нен астам ауыр жараланғандарды алып шықты, жаудың оғының астында жүздеген солдаттар мен офицерлерге Днепрдiң оң жағалауында медициналық көмек көрсеттi. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылғы 26 қазанда берiлдi.
1944 жылғы тамыз айында ІІ Украин майданы медициналық құрамының конференциясында В.Быковский «Днепрден өту кезiндегi атқыштар батальонына медициналық қызмет көрсету» тақырыбында баяндама жасады. Быковский бүкiл ІІ Украин майданындағы Кеңес Одағының Батыры атағын алған бiрденбiр медик едi.
Ол 1945 жылы тiс дәрiгерi курсын бiтiрдi, ал 1956 жылы медициналық қызметтiң майоры запасқа шықты. Ангарскiде, Иркутскiде және Кишиневте жұмыс iстедi. 1973 жылғы 31 шiлдеде қайтыс болды. Кишинев қаласында жерленген.
Викторенко Александр Степанович 1947 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданындағы Ольгинка селосында туған. Ғарышкер, КСРО ұшқышғарышкері (1987). Кеңес Одағының Батыры (1987).
Орынбор жоғары әскери авиация ұшқыштар училищесін бітірген соң (1969) Әскери Әуе Күштерінде қызмет еткен. 1дәрежелі әскери ұшқыш және 3дәрежелі ұшқышсынақшы мамандығы бар.
Викторенко Ғарышкерлер сапына 1978 жылы алынды. 1987 жылдың 22 шілдесінен 1987 жылдың 30 шілдесіне дейін «Союз ТМ3» ғарыш кемесінің командирі болған. Ол Александров және Сирия Араб Республикасының азаматы М.А. Фариспен бірге ғарышқа ұшты. 1987 жылы 24 шілдеде
«Союз ТМ3» кораблі мен «Мир» ғылымизерттеу кешенін түйістіру жұмыстары жүргізілді.
1997 жылы полковник дәрежесінде зейнеткерлік демалысқа шықты. Жұлдызды қалашықта болашақ ғарышкерлерді даярлау тобымен жұмыс жүргізді. Қазір құрметті зейнеткер. Мәскеу қаласында тұрады. Туған өлкесімен тығыз байланыс жасайды.