V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінген
5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Дайындық және ұйымдастыру дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Кондыбаев ойынға бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығынның басым бөлігі қонақтардың жатын орны мен тамақтануына жұмсалмақ.
2430 қатысушы бізге келеді деп айттық. Біз бесінші ойындарды өткіземіз. Қалыптасқан дәстүрлер бар. Біздің ұлттық құрамамыз да барлық ойындарға қатысты. Барлық осы дәстүрлер бойынша қабылдаушы тарап әрқашан келген қонақтардың барлық шығындарын өз мойнына алды, - деді ол.
Спикер бір шетелдік спортшының шығыны 2 млн теңгені құрайтынын айтты.
Әр қонаққа шамамен 1 800 000 теңге жұмсаймыз. Негізгі шығын барлық келген қонақтарды орналастыру, тамақтандыру және тасымалдауға кетеді, - деп нақтылады Абылай Кондыбаев.