«Үздік жоба идеялары»: Астанада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша байқау өтіп жатыр

Астана қаласында 11-12 қараша күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында сағат 13:00-18:00 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үздік жоба идеялары» байқауы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау ұйымдастырушылары – «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
Байқаудың мақсаты мен міндеті – парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобалардың идеяларын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.
Комиссия ұсынылған идеяларды 3 критерий бойынша бағалайды: өзектілігі, тиімділігі, ерекшелігі.
Байқау жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар табысталады.
Марапаттау рәсімі Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған форумда өтеді.
