Жаңалықтар

Ұйымдасқан қылмыстық топ 55 көлікті заңсыз тіркеген

Ұйымдасқан қылмыстық топ 55 көлікті заңсыз тіркеген
Фото: © Pixabay.com 29.01.2024 21:07 809

Ақмолада қылмыстық топ мүшелері 55 автокөлікті заңсыз есепке тіркеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облыстық департаменті  жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға