Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
23.12.2024 13:17
119
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы 2024 жылы шаһарда 19 778 неке қиылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы деректерге сәйкес алматылық жас жұбайлар Қазақстан бойынша көш бастап тұр.
Айта кетейік, аудандық АХАТ бөлімдерінде күнделікті 160 неке қиылады. Ал некелесуге ниет білдірген жұптардың орташа жасы – ерлер үшін 27 болса, әйелдер үшін 25 жасты құрайды.
Дегенмен ажырасуға арыз бергендер жағынан да оңтүстік астана алда келеді. Жыл басынан бері 4429 жұп екі жаққа кету туралы шешім қабылдаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға