"Үйлену тойымды жасаймын". Айқын Төлепберген ел күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/aikyn
Фото: instagram.com/aikyn
08.01.2024 13:12
3510
Әнші Айқын Төлепберген той жасайтынын айтып, жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айқын Төлепберген әнші-актриса Жұлдыз Өмірғалимен бас қосып, карантин кезінде ұзатып алып кеткен еді.
Әр адам алдына үлкен мақсат қояды ғой. Кино түсіріп, үй салып біттік. Ендігі мақсат – той жасау. Бұйырса, үйлену тойымызды жасаймыз. Тойды кім жүргізетіні де белгілі. Тұрсынбек Қабатовтың уақыты болса, сол жүргізеді. Креатив көп болады. Бәрін айта бермеймін. Той қызығы алда, – дейді өнер иесі.
Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали - Айқынның екінші жұбайы.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды