Жаңалықтар

«Үйінің бәрі қан». Бишімбаевтың үй қызметшісі жазған хаттар оқылды

«Үйінің бәрі қан». Бишімбаевтың үй қызметшісі жазған хаттар оқылды
Фото: Jogargy sot 18.04.2024 15:50 3062

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың үй қызметкері Гүлшара апайдың хабарламалары оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 наурызда үй қызметшісі Гүлшара Бақытжан Байжановқа былай деп жазады:

Үйінің бәрі қан. Бәрін жуып жатырмыз. Меніңше, бұл Кәрімнің бөлмесі. Мұнда неліктен кірген екен? Матрасты жуа алғанымызша жудық, сосын теріс қаратып қойдық. Келген кезіңізде көре салыңыз. Кілемдерді химиялық тазалауға беру керек, - деп жазған.

Ал Қуандық Бишімбаев бөлмедегі қанды өзінің аяғын кесіп алғанда аққанын айтып, Салтанат Нүкенованың қаны емес екенін атап өтті. Ал қабырғаға жағылған қанды "қызыл түсті балмұздақ" деп түсіндірді.

Айта кетейік, 8-9 наурыз күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, ағасы Айтбек Амангелді пәтеріне іздеп барған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға