Жаңалықтар

«Үйіме дейін аңдып келді». Танымал блогерді кім мазалап жүр?

«Үйіме дейін аңдып келді». Танымал блогерді кім мазалап жүр?
Фото: instagram.com/damelya_sw_ 05.12.2023 14:01 2654

Көпшіліккке Damelya Sweet лақап атымен танымал блогер «Өзіміз ғой» бағдарламасында белгісіз ер азаматтардың оны аңдып, үйіне дейін баратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дамеля Бектұрсынованың сөзінше, бейтаныс жігіттер кейде қалада жүргенде маза бермейді екен.

Қазір жеке жүргізушім мен күзетшім бар. Мені кейбір ер азаматтар аңдып жүретіндіктен, қызметкерлерді жалдадым, - деді ол.

Блогер қыз басынан өткерген бір оқиғасымен де бөлісті.

Үй жаққа көлігіммен бара жатсам, артымнан бір кісі еріп келеді екен. Жылдам жүріп, кетіп қалмақшы болдым. Көлік жүргізушісі мен жүріп келе жатқан жолдың қасындағы жолаққа келіп «тоқта» деп айтады. Ал ол кісінің жасы үлкен. Қорыққанымнан достарыма хабарласып, «тезірек үйіме келіңдер, мені біреу аңдып жүр» дедім. Телефоннан тікелей эфирге шықтым. Маған бірдеңе болса, дәлелі болсын деп ойладым, - дейді Дамеля.

Damelya Sweet-тің айтуынша, аңдып келе жатқан көлік иесі блогер қыздың үйіндегі көлік тұрағына дейін жетеді.

Көлігімде тікелей эфирде отырсам, жаңағы ер адам келіп, «шық» дейді. Мен шықпай қоямын. Сөйтіп ол күліп, көлігінің жанында тұрады. Біздің үйдің күзетшісіне жүгіріп барып «аға, ол мені аңдып жүр» деп айтамын. Одан кейін барып қана сол ер азамат көлігіне отырып қайтып кетеді, - дейді блогер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға