Жаңалықтар

Үйге терезе арқылы кірген ұры 10 млн теңгенің алтынын үптеп кеткен

Үйге терезе арқылы кірген ұры 10 млн теңгенің алтынын үптеп кеткен
Фото: Видеодан кадр 21.01.2025 05:13 173

35 жастағы ер адам тұрғын үйлердің біріне ұрлыққа түсіп, 10 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды үптеп кеткен. Оқиға Атырау қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, күдікті  пластикалық терезені белгісіз затпен ығыстырып ашу арқылы үйге кірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 10 млн 327 090 теңге.   

Тексеру барысында ер адамның қолды еткен алтындарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардқа тапсырғаны анықталды. Жәбірленуші ломбард мекемелерінен заттай дәлелдеме ретінде алынған 7 дана алтын бұйымдарды өзінің үйінен ұрланған зат екенін растады.

Қазіргі таңда  №2 Атырау қалалық полиция бөлімінде кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға