Жаңалықтар

Үйдің маңынан таптым. Қызылордада есірткі сақтаған азамат үш жылға сотталды

Үйдің маңынан таптым. Қызылордада есірткі сақтаған азамат үш жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 19.10.2023 11:15 709

Синтетикалық есірткі сақтаған қызылордалық үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау аяқталды. Полицияның мәліметінше, ер адамнан өте үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі табылған. Сотталушының айтуынша, мамыр айында көпқабатты үйлердің жанындағы ағаштардың арасынан өтіп бара жатып, бір дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ зат салынған пакетті тауып алған. Одан кейін ол сондай пакеттерді тағы да тапқысы келгендіктен, іздеуді жалғастырып, жақын жерді қазып, үш бума тауып, заңсыз иемденген.

Табылған синтетикалық есірткі заттардың жалпы салмағы 2,14 грамды құраған. Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Қызылорда қаласының №2 соты сотталушыны ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға